+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
10.09.2016 в 10:34

Павлодарлық жеті спортшы халықаралық жарыстарда топ жарған

Павлодарлық жеті спортшы халықаралық жарыстарда топ жарған, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айбек Ақылжанов мәлім етті.

«Нұрсұлтан Аюпов, Шыңғысхан Ыбыраев Банкогте муай-тай бойынша өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдені қанжығаларына байласа, Илья Котенев алтын медальге қол жеткізді. Ал, Ксения Окатенко Ширкте пауэрлифтинг бойынша Әлем чемпионатында күміс жүлдеге, Светлана Анкичева екінші орынға, Ербұлан Сарқытбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатында үшінші орынды, Сергей Шведов Дүниежүзілік әскери өнер ойындарында бірнеше медальді иеленді. Дүниежүзілік ойындарда ұлттық құрама алты алтын, алты күміс және екі қола медаль жеңіп алған. Жарыс Германияның Бад-Киссинген қаласында 1-4 қыркүйек аралығында «Халықаралық олимпиадалық комитет» және «Спорт барлығы үшін» Халықаралық қауымдастығының» бақылауымен ұйымдастырылды. Оған 150 мемлекеттің спортшылары қатысты. Құрама ішінде павлодарлық Айки-Дзю-Дзюцу «Жауынгер» мектебінің тәрбиеленушісі Сергей Шведов қатысты. Ол өңір тарихында тұңғыш рет жасөспірімдер арасында 65 келі салмақ дәрежесінде ММА және грэпплинг бойынша екі алтын медаль, джиу-джитсу бойынша бір күміс медальге ие болды», — деді Айбек Ақылжанов.

Айта кетерлігі, облыста алғаш рет 15 жастағы жасөспірім Дүниежүзілік әскери өнер ойындарына қатысқан. Шара бірнеше әскери өнер түрінен өтті.  Сергей джиу-джитсу бойынша шыққан. Спорттың олимпиадалық түрінен әлемдік, республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсеткен жас спортшыларға ай сайын қаржы ұсыну қарастырылған қаулы бар.  Осыған сәйкес Светлана Анкичева мен Ербұлан Сарқытбаев қаражатпен қамтамасыз етіледі. 

Еске сала кетейік, Павлодар күрес мектебінің түлегі Ербұлан Сарқытбаев жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған. Жерлесіміз Францияның Макон қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен әлем біріншілігінде 50 келіде ел намысын қорғады. Ол жарыс жолын 1/8 финалдан бастап, алдымен колумбиялық қарсыласын ойсырата ұтты. Есеп 10:0. Өкінішке қарай, павлодарлық спортшы 1/4 финалда қырғыз балуанына есе жіберді (2:4). Қырғызстан өкілі финалға жолдама алғандықтан, Е.Сарқытбаев қола жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды. Ол алдымен Канада өкілін жарыс жолынан шығарды. Шешуші «шайқаста» 12:6 есебімен Грузия балуанын тізе бүктірді.

Е.Сарқытбаев - ел қоржынына жүлде салған екінші павлодарлық балуан. Бұған дейін әйелдер күресінен Екібастұз спорт мектебінің түлегі Светлана Анкичева күміспен күптелген-ді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика