+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
10.09.2016 в 11:45

Серпіндіктер Павлодар облысындағы ұстаздар тапшылығын шешуге септігін тигізбек

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқуға келген студенттердің жартысы өңірде қалып, бастауыш сынып, математика және ағылшын тілі ұстаздарының қатарын толықтырады, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

ПМПИ-ның жастар саясаты және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы Елнар Өтеубаевтың айтуынша, биыл оқу орны оңтүстіктен 125 студентті қабылдады.

«Биыл біздің институтта 125 студент «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Университет әр мамандыққа 10 гранттан бөлді. Студенттердің негізгі бөлігі «Бастауыш сынып мұғалімі», «Мектепке дейінгі білім беру», «Математика», «Ағылшын тілі» мамандығына түседі. Үш жылдың ішінде біздің мекемеде 450 студент оқып шықты. Олардың жартысы облысымызда қалады. Себебі, осында бірден жұмысқа тұра алады. Студенттерді тегін оқытумен қатар, олардың тұруына да жақсы жағдай жасалған. Екі жыл бұрын серпіндіктерге жаңа жатақхана ашылып, шәкіртақы төленеді. Әр блокта төрт студенттен тұрады. Оларда арнайы жабдықталған ортақ асхана бар», — деді Елнар Өтеубаев.

Бұдан басқа, облыстық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Хелуа Кашкенованың сөзіне сүйенсек, өңірде мал дәрігерлері, механизаторлар, электрик мамандары мен эндокринолог, тіс дәрігерлері, кардиолог дәрігерлері қажет. Алғаш рет бейнеконференция түрінде өткізілген бос орындар жәрмеңкесінде  жеті ауылдық округінен 41 жұмыс беруші 227 бос орын туралы мәлім етті. Олар Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарына өз кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарында жұмыс ұсынуға дайын.

«Бүгінгі таңда облыс бойынша 3000-нан астам бос жұмыс орны бар. Бұл былтырғы кезеңге қарағанда екі есеге артық көрсеткіш. Көбінесе Екібастұз, Ақсу қалаларында өндіріс  саласына және аудандарға ауыл шаруашылығы мамандары қажет. Биылғы жылы біз еліміздің оңтүстік өңіріне барып, 400 адамға кеңес жүргізген болатынбыз. Ал қазан айында еліміздің оңтүстік аймақтарына облысымыздың шаруа басшылары барады.  Барлық шаруа қожалықтары өз жұмысшыларын баспанамен қамтып, толық әлеуметтік пакет ұсынады және 80 мың теңгеден астам жалақы төлейді», — дейді   Хелуа Кашкенова.

Айта кетерлігі, «Серпін-2050» бағдарламасы үшінші жыл қатарымен жүзеге асырылуда. Осы уақыт аралығында Оңтүстік Қазақстан облысынан, Қызылорда және Жамбыл облысынан студенттер Павлодар облысында жоғары білімге қол жеткізді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика