+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
12.09.2016 в 11:36

ОҚО-да дін өкілдері оқушылармен кездесті

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында мүфтият өкілдері орта мектеп оқушыларымен және ұстаздар қауымымен кездесті. Бұл туралы ОҚО орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған іс шара ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Ұлық мейрамды ұлық дәрежеде өткізу» деген бастамасы аясында өткізіліп отырғанын айта кету керек. Кездесу барысында ең алдымен діни экстремизм және радикализм сынды қазіргі қоғам проблемасының залалы туралы түсіндіру баяндамасы оқылды. Имам-молдалар теріс діни ағымдардан сақтануға шақырып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар, жиын барысында қасиетті Құрбан айт мерекесінің мән-мағынасы, мереке кезінде жасалатын амалдар, жазылатын сауаптар туралы кеңінен ақпарат берілді.

Мүфтият өкілдері исламдағы әр мерекенің орны жайында, ал, Құрбан айттың олардың бәрінен ұлық мереке екенін де атап өтті.

Осы сарындағы тұңғыш нәтижелі кездесулер Темірландағы «Кәусар» гимназиясы Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі, Темірлан орта мектебі, Бөржардағы Абай орта мектебі және Шұбарсудағы Мұхаммедқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектеп оқушыларымен кездесулер болып өтті.

Айта кету керек, мұндай кездесулердің өткізілуі бекер емес. Биыл маусым мен шілде айларында Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін елдегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мүфтият пен Дін істері комитетінің және өңірлердегі ішкі саясат пен дін істері басқармаларының мамандарынан құралған ақпараттық түсіндіру топтары барлық өңірлерді аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр. Олар дәстүрлі емес ислам ағымдарын ұстанушыларды тура жолға салуды мақсат етеді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика