пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
21oC
1xadv
×

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы: көз алдымызда өткен жылдар»

Ұлттық ұстанымдар мен әдет-ғұрыпқа кері әсер етуші іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында «Қазақстан-Шымкент» телеарнасынның «Мемлекет.Қоғам.Дін» діни – танымдық бағдарламасында бүгін «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы: көз алдымызда өткен жылдар» тақырыбы бойынша сұхбат өткізілді.

Бағдарламаға Облыстық мәслихаттың депутаты Ө.Мелдеханов және Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлім маманы А.Төлегнов қатысты.

Сұхбат барысында: «Тәуелсіздік бұл әрбір қазақстандық азаматтардың басына қонған бақыт құсы деп білеміз. Ешбір халық үшін тәуелсіздіктен артық бақыт жоқ шығар сірә?! Тәуелсіздігімізге биыл 25 жыл.

Еліміздің егемендігін белгілейтін ту, ел таңба әнұранды бекіттік, шекарамызды белгіледік, әлемдік саяси картада Қазақстанның териториясы пайда болды. Төл теңгемізді шығарып, тілімізді, ата дәстүрімізді жандандырдық. Саяси аренада Қазақстан бибіт сүйгіш, толерантты ел екенін дәлелдедік, әліде дәлелдеуге тырысып жатырмыз. Дін аралық татулықтың бастау алған жері етіп көрсеттік. Оның бір белгісі 3 жылда бір рет әлем діндері лидерлері бас қосатын съезд.

Өткенін ұмытқан ұлт болашақты болжай алмайды деген қанатты сөз бар. Біз өткенімізге өкінбейміз, сабағын алып шәкірті боламыз. Болашағымызға үлкен үмітпен қараймыз. Кейінгі жастарға айтарым қанаттарыңыз талмасын. Әрбір жас азамат маған мемлекет не берді деп емес, мен мемлекетке не бере алдым деп өмір сүруге шақырар едік. Тұғырлы тәуелсіздігімізді бағалай білейік құрметті жастар», — деп атап өтті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0