+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
09.09.2016 в 08:23

Орал қаласында 90 пәтерлі екі тұрғын-үй пайдалануға берілді

Орал қаласында жас отбасылар, кезекте тұрғандар және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары қоныс тойын тойлайтын болады, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту жəне «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламалары бойынша бой көтерген 180 пәтер енді ұрпақ игілігіне жұмыс жасайтын болды. Жаңа қоңыс тойын тойлағалы отырған отбасыларға құтты болсын айта келген облыс әкімі Алтай Көлгінов қоныс тойын тойлаушыларды қала күнімен және тәуелсіздіктің 25 жылдық торқалы тойымен құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Одан кейін үйдің ішін аралап, әр отбасыға шаттық, береке – бақыт тілеген қала әкімі мен аймақ басшысын тұрғындар қазақы дәстүрмен шашу шашып қарсы алып, дәмнен ауыз тигізді.

Бұл күн Батысқазақстандықтардың есінде көпке сақталары сөзсіз. Өйткені, бұл жандар мерейлі мерекеде баспаналы болып отыр. Пәтер иелерін осынау қуанышпен құттықтауға туған-туысқандары да жиылыпты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 нақты қадам ұлт жоспарында атап өткеніндей «Мәңгілік ел» актісі аясында Үлкен ел – үлкен отбасыдан басталатының ескерсек, әр отбасында жылылық, тыныштық болғаны керек. Отбасында орын алған тыныштық пен береке бірлік ел тыныштығына, ел бірілігені ықпал етері сөзсіз.

 «2016 жылы 1427 пәтер тапсыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде Орал қаласының 5 мың тұрғынын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — дейді Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Алмас Пішенбаев.

Күні бүгінге дейін Орал қаласының өзінде  60 мектеп, 16 балабақша  ел игілігне берілген. Бір ғана осы Зашаған кентінің өзінде 13 көп қабатты тұрғын үй, əрқайсысы 1200 орындық екі мектеп, 360 орындық балабақша салынған.

2010-2015 жылдар аралығында Орал қаласында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жалпы ауданы 155,41 мың шаршы метр болатын 26 тұрғын үй пайдалануға берілген. Соның ішінде 8 үй кезектегі адамдар үшін және 18 үй «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкісі» АҚ салымшылары үшін. Барлығы 2732 пәтер тапсырылған.
2016 жылы мемлекеттік бағдарламаның барлық бағыттары бойынша қала бойынша 2066 пәтерді құрайтын 20 үйдің құрылысы жүргізілуде, соның ішінде 7 тұрғын үйді 2017 жылы аяқтау жоспарланған. 2016 жылы жалпы сомасы 10 млрд теңгеге жалпы ауданы - 81.77 мың шаршы метрді құрайтын 13 тұрғын үй тапсыру көзделіп отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 9 тұрғын үй тапсырылады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика