+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
14.09.2016 в 19:01

Шардарада «Дін және қоғам» тақырыбында семинар-кездесу өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында «Дін және қоғам» тақырыбында семинар-кездесу өтті. Бұл туралы Шардара аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Іс-шараны аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған. Басты мақсат – дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Қала, ауыл әкімдері, дін саласына жауапты мамандар, ақпараттық түсіндіру топ жетекшілері, білім беру мекемелеріндегі ақпараттық орталықтың жетекшілері, мекеме басшылары, имамдардың қатысуымен өткізілген семинар-кеңесте Әбу Мансур әл-Матуриди мешітінің имамы Н.Шәдекұлы және осы мешіт ұстазы Е.Өмірбек Ханафи мазһабының маңызы, Матруди ақидасы және дәстүрлі емес діни ағымдар туралы түсініктер беріп, семинар-кеңеске қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар берді.

Семинар-кеңесті қорытындылай келе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Шомпиев ақпараттық түсіндіру топтары тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айта келе, бұл бағыттағы атқарылар жұмыстар жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді.

Айта кетейік, мұндай жиындар тек Оңтүстік Қазақстан облысында емес, еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр. Кеше ғана Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін мемлекет аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бейбіт күнде дін атын жамылған лаңкестер қос оқиға барысында 15-тей адамды атып өлтірді. Жараланғандар да аз емес. Екі терактіге де салафилік ағым ұстанушыларының қатысы бар екені айтылып отыр.

Айта кету керек, бұл оқиғалар Қазақстандағы алғашқы лаңкестік жайт емес. Осыдан тура бес жыл бұрын да Ақтөбе облысы мен Атырауда, Ақтауда, Таразда және Алматыда терактілер сериясы орын алған болатын.

Ал, Шардарада сала мамандары бүгінге дейін бірнеше кездесулер өткізіп үлгерді. Олар жастармен және мемлекеттік қызметте жүрген жергілікті тұрғындармен бас қосып, дәстүрлі емес діни ағымдардың зауалы туралы сөз қозғауда.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика