+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
17.09.2016 в 23:10

Шымкенттегі мектеп оқушыларына терроризмнің қоғам дерті екені түсіндірілді

Шымкенттегі №22 Қорқыт ата атындағы орта мектепте «Діни экстремизм мен терроризм қоғам дерті» тақырыбында басқосу өтіп, баяндама оқылды. Бұл туралы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Айта кетейік, аталған шараны Оңтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»  Мемлекеттік коммуналдық мекемесі ұйымдастырып отыр. Кездесу барысында осы мекеменің дінтанушы маманы Икрам Айтаев оқушыларға баяндама оқып, сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуына тоқсауыл қою.

Баяндамада діни экстремизм мен терроризмнің ұғымын түсіндіріп, оның қоғамға тигізер кереғар әсерлерін кеңінен ашықтап берді. Елімізде тыйым салынған кереғар діни ағымдардың тарихына шолу жасап, олардың іс-әрекеттерінен сақ болуға шақырды. Діни танымдық мәліметті  ҚМДБ –ның өкілдеріне жүгінгені абзал екенін айтып өтті. Орталықтың жұмысын таныстырып, сөз соңында діни сергек болуға шақырды.

Айта кетейік, мұндай жиындар тек Оңтүстік Қазақстан облысында емес, еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр. Кеше ғана Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін мемлекет аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бейбіт күнде дін атын жамылған лаңкестер қос оқиға барысында 15-тей адамды атып өлтірді. Жараланғандар да аз емес. Екі терактіге де салафилік ағым ұстанушыларының қатысы бар екені айтылып отыр.

Айта кету керек, бұл оқиғалар Қазақстандағы алғашқы лаңкестік жайт емес. Осыдан тура бес жыл бұрын да Ақтөбе облысы мен Атырауда, Ақтауда, Таразда және Алматыда терактілер сериясы орын алған болатын.

Ал, Шардарада сала мамандары бүгінге дейін бірнеше кездесулер өткізіп үлгерді. Олар жастармен және мемлекеттік қызметте жүрген жергілікті тұрғындармен бас қосып, дәстүрлі емес діни ағымдардың зауалы туралы сөз қозғауда.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика