+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
18.09.2016 в 00:16

Шымкенттегі университетте діни теріс ағымдар туралы семинар өтті

Шымкент қаласы, Қазақстан инжинерлі педагогикалық Халықтар достығы университеті студенттері арасында Жастар орталығының ұйымдастыруымен кездесу болып өтті. Бұл туралы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Кездесуге ОҚО Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» дінтанушы мамандары А.Бектұрғнов пен Ғ.Аппазов қатысып, «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада діни экстремизм мен терроризмнің ұғымын түсіндіріп, оның қоғамға тигізер кереғар әсерлерін кеңінен ашықтап берді. Елімізде тыйым салынған кереғар діни ағымдардың тарихына шолу жасап, олардың іс-әрекеттерінен сақ болуға шақырды. Діни танымдық мәліметті  ҚМДБ –ның өкілдеріне жүгінгені абзал екенін айтып өтті. Орталықтың жұмысын таныстырып, сөз соңында діни сергек болуға шақырды.

Айта кетейік, мұндай жиындар тек Оңтүстік Қазақстан облысында емес, еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр. Дін істері басқармасы мен жергілікті ішкі саясат бақармаларының мамандары, дінтанушылар және мүфтият өкілдерінен құралған ақпараттық топтар еліміздің аудан-ауылдарын аралауда. Өйткені, кеше ғана Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін мемлекет аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілгені белгілі. Бейбіт күнде дін атын жамылған лаңкестер қос оқиға барысында 15-тей адамды атып өлтірді. Жараланғандар да аз емес. Екі терактіге де салафилік ағым ұстанушыларының қатысы бар екені айтылып отыр.

Бұл оқиғалардың Қазақстандағы алғашқы лаңкестік жайт емес екенін де айта кету керек. Осыдан тура бес жыл бұрын да Ақтөбе облысы мен Атырауда, Ақтауда, Таразда және Алматыда терактілер сериясы орын алған болатын.

Ал, Шардарада сала мамандары бүгінге дейін бірнеше кездесулер өткізіп үлгерді. Олар жастармен және мемлекеттік қызметте жүрген жергілікті тұрғындармен бас қосып, дәстүрлі емес діни ағымдардың зауалы туралы сөз қозғауда.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика