+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
21.09.2016 в 13:01

Павлодарлық тауар өндірушілер Астанаға 758 тоннадан астам өнім жеткізеді

Астанада 24-25 қыркүйек күндері өтетін ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне Павлодар облысының 79 тауар өндірушісі мен кәсіпорны 758,3 тонна өнім жеткізеді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттіктің тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жәрмеңке «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында өтеді. Өңір фермерлері 90 тонна ет және ет өнімін, 300 тонна картоп, 140 тонна көкөніс пен 150 тонна басқа да өнім ұсынады. Бұдан басқа, "Қазақ тағамдары" асханасының ұлттық өнімдері мен Ертіс өңірі қолөнершілерінің бұйымдары саудаланады. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрінен  жарыстар мен концерттік бағдарлама өтеді.

«Биыл егінді жинау жұмыстарының қорытындысы бойынша 800 мың тоннадан астам астық (орташа өнімділігі 12 ц/га), 140 мың тонна майлы дақылдардың тұқымдары (орташа өнімділігі 7,2 ц/га),  400 мың тоннадан астам картоп (орташа өнімділігі 245 ц/га) және 240 мың тонна көкөністер және бақша дақылдарын (орташа өнімділігі 265 ц/га) алу күтілуде», ― дейді облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов. 

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Айнұр Сәрсенбаеваның сөзінше, шараға облысымыздың ең үздік өнер ұжымдары қатысады.

«Жыл сайын Астана қаласында өткізілетін Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесінде қаламыздың танымал әртістері өнер көрсетеді. Бірақ бұл шараға 20-30 адам ғана жіберілетін. Осы жолы Астанаға жүзден аса әртіс барады. Олардың арасында джаз оркестрі, «Нұр» ансамблі, Ербол Айтбаев, Нұржан Сарқымбаев сынды облыстық филармонияның бетке ұстар әртістері қатысады. Концерт екі күн бойы таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 16:00-ге дейін өтеді», ― деді Айнұр Сәрсенбаева.

Еске сала кетейік,  облыстың жалпы ішкі өнімі көлемінде ауыл шаруашылығы өндірісінің үлес салмағы 4,9% құрайды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінде мал шаруашылығының үлесі басым. Биылғы жылы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 8 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік қолдау көзделіп, ҚазАгро 6,7 млрд теңге сомасына жеңілдік несие берген. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына 10 млрд теңгеден жоғары инвестиция салынды. Нәтижесінде 310 жұмыс орны  құрылып, 15 инвестициялық жоба іске асырылды. Инвестиция көлемінің жоғарылауына мемлекеттік қолдаудың жаңа түрі  2014 жылы қосылған инвестициялық субсидиялау ықпал етеді. Осы кезең ішінде 390 агроөнеркәсіп кешен субъектісіне шығындар өтелді.   


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика