+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
16.09.2016 в 11:01

Атырау облысы биылғы оқу жылын білім берудің жаңа фарматымен бастады

Атырау облысы биылғы оқу жылын білім берудің жаңа фарматымен бастады. Бұл туралы айтылған Атырау қалалық мәслихатының кезекті VI сессиясында белгілі болды. Оған Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов қатысты.

Жиын барысында білгеніміз, бүгінде балабақша кезегінде 11 мыңдай бала бар. Депутаттар алдында шаһардағы білім берудің жай-күйін баяндаған қалалық білім бөлімінің басшысы Бақберген Қарабаев  мұның басты себебін  балабақша тапшылығымен байланыстырады. Мектепке дейінгі білім беруді оқытып, тәрбиелейтін 39 мемлекеттік мекеме болса, оның 28-і жекенменшік. Сала басшысы бұл тығырықтан шығудың бірден - бір жолы жекеменшік балабақшалардың санын көбейту екендігін айтады. Сондай-ақ, кадр мәселесінің де күрделеніп бара жатқанын сөз етті. «Оқу орындары орыс тілінен сабақ беретін мамандарды дайындамайды. Соған қарағанда, алдағы уақыттары бұл мәселенің шешім табатынына күмәндіміз. Қаламыздағы Қ.Дүтбаева атындағы колледжге ұсыныс бердік. Бірақ, сапалы маман шығады деп ойламаймын. Себебі, қабылданған сутденттердің көпшілігі тестілеуден төменгі ұпай жинағандар», ― деді ол.

Қалалық мәслихат сессия отырысына дейін арнайы коммиссия құрылып білім беру мекемелеріндегі жұмыс барысын да тексеріп көрген. Айтуларынша, жағдай қуанарлықтай емес. Сол уақытша комиссия төрайымының орынбасары Салтанат Рахимова білім беру саласын дамыту жөніндегі бағдарламаларды іске асыру барысындағы бірқатар кемшіліктерді баяндады.

«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған. Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес 2-3 жасқа дейінгі топтарда бала саны 20-дан, 3-4 жасқа дейінгі және ересек тобында бала саны 25-тен аспауы тиіс. Әйтсе де, талаптар сақталмай, бала саны 40, 50, 60-қа дейін жеткен. Сондай-ақ, балабақшадан балалардың үйге жіберілуі 18:45 пен 19:00 сағат аралығында жүзеге асырылуы тиіс болса, көптеген балабақшалар балаларды әрі кеткенде 18:30-дан кешіктірмей алуды талап етуде. Мәселен, «Нұрсая» балабақшасы 18:00-ден, ал Тасқала ауылындағы балабақша 17:30-дан кешіктірмей алуды талап етеді екен. Бұл жағдай санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзылуымен қоса, ата-аналардың жұмыс регламентіне қайшы келіп, тұрғындар тарапынан наразылық тудыруда», ― деді С.Рахимова.

Мәлім болғандай, балабақшаға кезекпен орын бөлетін бес адамнан тұратын коммисия құрамында да шалалық бар. Себебі, бес адамның біреуі «Нұр Отан» партиясының өкілі болуы қажет. Алайда, бұл заңдылық сақталмай, қалалық мәслихат депутаттары комиссия отырыстарына  мүлде шақырылмаған.

Уақытша комиссия төрайымының орынбасары мектептердегі орын тапшылығы, оқушы тапшылығы, кітаптардың жеткіліксіздігі секілді мәселелерді де  мәлім етті. Әсіресе, Ракуша елді мекеніндегі М.Өтемісов атындағы мектеп ғимараты ешқандай талапқа сай келмейтінін, оқу орны 280 оқушыға арналғанымен, онда 544 бала оқитынын, ал даярлық сыныбы бүгінгі күні спорт залында білім алатынын айтты. Ол сондай-ақ, қалалық білім бөлімі азаматтардан келіп-түскен арыз-шағымдар мен өтініштерді қарау тәртібі барысында заң талаптарын бұзу фактілеріне тоқталды. Мәселен, азаматтардың бала асырап алуына қатысты немесе мұғалім тарапынан болған дөрекілік, ата-аналардан ақша жинау фактілері туралы арыздар бойынша аталған мекемеде қорытындылар талап етілмеген. Талдау жүргізілмеген.

Ал, уақытша коммисия төрайымы Б.Шеркешбаева мектепке дейінгі білім беру орындарына қатысты айтылған барлық мәселені шешу үшін балабақшаның санын алдымен демографиялық көрсеткішпен сәйкестендіру қажеттігін айтты. Ол үшін арнайы жүйелі, жоспарлы жұмыс жүргізу қажеттігін ұсынды.

Сессияға қатысқан  қала әкімі С.Шапкенов жиында халықтың көкейінде жүрген маңызды мәселе қаралғандығын атап өтті. «Баршамызды ең алдымен ата-ана ретінде баламыздың тәрбиесі мен қандай білім алатыны алаңдатады. Сондықтан, білім беру саласын дамытуға байланысты орынды мәселе айтылды. Білім беру саласында қатысты мәслені төрт бағытқа бөліп қарауға болады. Оның біріншісі, балабақшаға қатысты. Бұл бағытта жүйелі жұмыс бастап, балабақша қай жерде сұранысқа ие, сол анықталуы тиіс. Санитарлық, үлгілік ережелердің сақталмауына байланысты да жұмысты қолға аламыз. Екінші мәселе, жалпы орта білім беруге байланысты. Бұл орайда, үш аусымды мектептерге тоқталамыз. Ал, үшіншісі кадр мәселесі. Кадр болмаса біз балаға қандай тәрбие береміз? Төртінші бағыт инфрақұрылымға қатысты. Пайдалануға берілгеніне  бір-екі жыл болған жаңа мектептердің сапасының өзі де сын көтермейді. Сондықтан, ендігі жүргізілетін құрылыс нысандарын депутаттар бақылауға алуы керек. Сіздермен осы бағытта бірлесе жұмыс жасаймыз» деген қала басшысы, бала тәрбиесіне тек мемлекеттік органдар ғана емес ең алдымен ата-ананың жауапты екендігін де айтты.    

                                                                                                                                                                                 Алина ЗИНЕЛ


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика