+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
21.09.2016 в 09:59

Батыс Қазақстандық украйындар Сорочин жәрмеңкесін атап өтті

Орал қаласында Украин халқының ұлттық мерекесі Сорочин жәрмеңкесі тойланды. Осымен 10 – шы жыл қатарынан атап өтіліп жатқан мерекеге жиналған ағайынның көңіл - күйлері көтеріңкі. Облыс және қала тұрғындарын украин халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен  таныстырып, ұжымдық шығармашылық жетістіктермен бөлісуді көздеген мерекеге қала тұрғындары көп жиналды. Өңір тұрғындары орталық саябақта ән-айтып би билеп, украин халқының  мерекесінің сәнің келтірді.

«Сорочин жәрмеңкесі» мейрамының  тарихы тереңде. Сорочин жәрмеңкесі ― егін жинау науқанының аяқталу уақытымен, алтын күздің берген берекесіне шүкірлік етуден, қамбаға толған ақ бидайдын молдығына, тәңірдің берген несібесіне алғыс айтуды көздейтін украйын ұлтының ұлттық мейрамы.  Бұл да қазақылығымыз бен қонақжайлығымыздың айқын белгісінен болса керек, украин халқының ұлттық бояуы қанық мерекесін Оралдықтар жыл сайын ерекше көңіл күймен, ерекше дайындықпен тойлайды. 

Жиылған жұртшылықты «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Александр Ажғалиев аталмыш мерекемен құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспарында атап көрсеткеніндей «Бірлік пен біртектілік» Қазақстандықтардың басты қағидасы болуы керек. Сондықтан да көп этносты Қазақстандағы татулықты сақтауда, бейбітшілікті нығайтуда әр Қазақстан азаматы жауапты. Осындай өзге этностардың мерекесін тойлау, оларды баурына тарту арқылы қазақ халқы елдегі тыныштық пен бейбітшілікті, ұлтаралық татулықты сақтауды көздейді. 

Елдегі этносаралық татулық пен бірлік Қазақстандық саясаттың басым бағыты. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ҚХА жиындарында үнемі айтып жүр. Бір ғана Ақжайық атырабында 10 мыңнан астам украин ұлтының өкілі бейбіт ғұмыр кешуде. Осымен оныншы рет тойланып отырған шарада облысымыздың түкпір -түкпірінен келген қонақтар жәрмеңкенің көркін қыздырып, украйын әндерін шырқады. Зеленов ауданынан осы жәрмеңкеге арнайы келген Людмила Ишкова Сорочин жәрмеңкесіне өз қолымен дайындалған қолөнер бұйымдарын, көкөністен жасалған түрлі өнімдерін ала келгенін айтады. 

Мерекелік іс-шара барысында, қала тұрғындары мен қала қонақтары, концерттік бағдарлама мен театрланған көріністерді тамашалап қана қоймай, украин халқының ұлттық тағамдарының дәмін тату мүмкіндігін де алды. Сорочин жәрмеңкесі Украинада ХІХ ғасырда тойлана бастаған. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары қайта жанданған. Қазіргі кезде оған ұлттық мәртебе берілген. Бұл мейрам негізінен тамыз айының соңында аталып өтіледі.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика