+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
13.09.2016 в 19:08

Ақтау порты Иран бағдарына жүк өткізуде рекордтық көрсеткішке жетті

Тамызда Ақтау портынан соңғы бірнеше жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 50 % артық жүк жөнелтілді. Оның ішінде Иран Ислам республикасы бағдарына 159 мың тонна металл өнімдері жіберілді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, бұрын орташа айлық көрсеткіш 100 мың тоннаны құрайтын.

2016 жылғы тамыз айында тәулігіне 6700 тонна жүк жіберілсе, бұрын 4000 тоннадан аспайтын. Мұндай көрсеткіш соңғы төрт жылда болмаған. Мұндай жетістікке көлікпен тасымалдау үдерісіне қатысатын компаниялар кооперациясының порттағы кәсіпорындармен ынтымақтастығы нәтижесінде болып отыр.

Қазіргі таңда Ақтау портында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Оның ішінде өз қызметінде барынша жариялылықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге кірісуде. Өндіріске енгізілген жаңаша өзгерістер порттың құрылымына да қатысты. Онда порттың дәстүрлі қызметіндегі Ережелер мен тәртіптері түзілімдемесі, порт аумағында көлік қозғалысының тәртібі, техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары қатаңдатылған.

Айта кетсек, Ақтау порты бүгінгі күні келесі технологиялық мүмкіндіктері бар, оның әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы көпмақсатты терминал болып табылады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика