+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
22.09.2016 в 21:04

Ақтау қаласының бағыт-бағдары талқыланды

Орталық коммуникациялар қызметі Маңғыстау облыстық филиалы алаңында қала әкімі орынбасары Өркен Бисақаев пен әкім орынбасарының м.а. Бисенғали Кенжалиевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.  Ақтау қаласы дамуының бағыт-бағдары, оң бастамалар мен іргелі істер сөз болды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Күні бүгінгі қала бюджеті 30,8 млрд, теңгені құрап отыр. Бюджет қаражатының 45 пайызы білім беру саласы, әлеуметтік қолдау мен спорт және мәдениет саласына бағытталған. Ағымдағы жылдың қаңтер және тамыз айлары аралығында 114,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 6433 бос жұмыс орындары құрылды. Биыл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын дамытуға 5,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Сонымен қоса көліктік инфрақұрылым жобаларын қаржыландыруға қомақты қаражат қарастырылды. Қаланы көркейту, санитарлық тазалау мен көгалдандыру жұмыстарына 957 адам тартылды. Жалпы айтқанда, қаланың  әлеуметтік-экономикалық дамуы оң сипатқа ие», — деп атап өтті Ө.Бисақаев.

Оның айтуы бойынша, қыркүйек айының 23-25-і Қала күні аталып өтеді. Мерекелік көңіл-күй орнап, көңілді іс-шаралар жүзеге асырылады. 21-і күні көңілді тапқырлар клубтарының сайысы өтеді. «Ақтауым саған арналады» атты қылқалам шеберлері иелерінің пленэр-байқауы бастау алды.  Үздіктер гала-концерт барысында марапатталады. 22-қыркүйек күні облыстық ғылыми-зерттеу орталығында жыршы-жыраулар сайысы өтеді. Ал теңіз жағалауында қолөнер шеберлері туындылары көрме-жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарланған. Дәстүрлі «Шұбат фестивалі» биыл жалғасын табады. 24-қыркүйек Рубен Арамисович Григорян ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Спорттық сайыстар, ән-күй байқаулары, мерекелік концерт көрермен назарына ұсынылады.

Қала тазалығына қатысты өзекті мәселе – коммуналды қалдықтар мен күл-қоқыстан жүйелі арылу. Әсіресе ірі габаритті  құрылыс материалдарын лақтыруға  заң бойынша тыйым салынғандығын бірі ескерсе, енді бірі елемейді де.

Қазіргі таңда қала бойынша жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Қала әкімінің орынбасарының сөзіне сүйенсек, барлық коммуналды қызмет ұйымдары жылыту маусымына жүз пайыз дайын. «Каспий жылу, су арнасы» МКК тарапынан құбыр желілері мен жылумен жабдықтау жүйелерін сумен толтыру, тығыздау, тексеру, гидравикалық сынау жұмыстары жүргізілген. Ескі жылыту жүйесінде анықталған ақаулар толықтай жөнделген.

«Жаңа тұрғын үйлерде автоматтандырылған жылу пункттері орнатылған. Ескі үйлерге автоматтандырылған жылу пункттерін орнату сынды үйішілік желідегі кез келген қайта құру жұмыстары тұрғындар есебінен жүзеге асырылатындығын атап өткен жөн. Биыл бірнеше тұрғын үй  өз есебінен жылу пунктін орнатуға ниет танытты. Қазіргі таңда тұрғын үй инспекциясы бөлімі қызмет атқарады.  Бөлім пәтер иелері кооперативі қызметі мен үйішілік инженерлік желілерінің қалыпты жағдайы мен пайдалануға дайындығын қадағалайды. Тұрғын үйлерді жылумен қамту жұмысына да оң ықпал ететіндігі анық. Тұрғындар пәтер иелері кооперативі қызметіне көңілі толмаған жағдайда шағымдануға толық құқылы. Бірақ тұрғын үй тазалығы мен жай-күйіне ПИК мен тұрғындар теңдей жауапты екендігін ескерген жөн». — дейді Ө.Бисақаев.

Басқосу барысында балабақшаға кезекке тұру мәселесі бас көтерді. Ақтау қаласында 3 пен 6 жасар аралығындағы 4084 бүлдіршін бөбекжай кезегінде тұр. Күні бүгінге дейін 3500-ге жуық бала жолдамаға ие болған екен. «Алдағы уақытта кезекте тұрған бүлдіршіндер жаңа балабақшамен қамтылады» деп уәде етті қала әкімі  орынбасарының міндетін атқарушы Б.Кенжалиев. Сонымен қоса, жаңа оқу бағдарламасы, бес күндік оқу аптасы мен үштілділік оқыту жүйесі жөнінде тоқталды.

«Жаңа оқу бағдарламасын жіті игеру мақсатында мыңнан аса мұғалім арнайы оқу курстарын тәмамдады. Жеті мектептің директорлары балаларды жаңа бағдарламаға бейімдеу бойынша дайындықтан өтті. Бұл жұмыстар әр қарай өз жалғасын табады. Ата-аналар қоғамдастығы тарапынан аса қарсылық жоқ. Балаларының көп тілді меңгерген жан-жақты білімді болуын қолдайды», — деді Б.Кенжалиев.

Қала бойынша көпқабатты тұрғын үйлердегі жеделсатылардң көбі істен шыққан. Жеделсаты көпқабатты үйдің көлігі екенін ескерсек, бұл мәселе көп күттірмей өз шешімін табуға тиісті.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика