+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
04.10.2016 в 17:02

БҚО-да «100 нақты қадам» жүйелі түрде жүзеге асырылуда

Елбасымыз «Экономикасы дамыған, ғылым-білімі өркендеген, қуатты мемлекет құру арқылы ғана біз жаһандық бәсекелестікке жауап бере аламыз» деген болатын. Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының да негізгі көздеген мақсаты осы. ҚР Президенті, Ұлт көшбасшысы жариялаған бұл маңызды құжат Батыс Қазақстан облысында да жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Ұлт жоспарының алғашқы бағытындағы 15 қадам билік органдарының кәсібилігін арттыру, мемлекеттік қызметке қабылдау, қызмет барысында лауазымын жоғарылату тәртібіне арналғаны белгілі. Бүгін осы бағытта әңгіме өрбітетін боламыз.

«Мемлекетіміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына, көк Туымыздың биіктен желбіреуіне мемлекеттік қызметшілер де көп үлес қосып келеді. Еліміздегі мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытында көптеген шара қолға алынуда. Былтыр «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде меритократия, ашықтық, әдептілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі жұмыс істей бастады. Мамандар жаңа талаптарға сәйкес жұмысқа қабылдануда. Мемқызметкерлердің біліктіліктілігін артыруға арналған академия қызмет атқырып келеді, өңірлерді оның филиалдары бар. Жалпы мемқызметке қойылатын талаптар күшейтілуде. Мұның бәрі халықтың сапалы мемлекеттік қызмет алып, өздерін жайлы сезінулері үшін және мемлекеттік қызметшінің беделін көтеру үшін жасалуда. Еліміздің абыройын асқақтату бағытында уақытпен санаспай атқарып жатқан қызметі үшін өңіріміздің әрбір мемлекеттік қызметшісіне өз ризашылығымды білдіремін», — дейді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында 4470 мемлекеттік қызметкер бар. Олардың арасында әйелдер басымдыққа ие. Мемлекеттік қызметкердің орташа жасы 39-ды құрайды. Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басқарма басшысы Венера Мәсімованың айтуынша, енді мемлекеттік қызметке қабылдау тек төменгі лауазымға орналасу үшін жарияланған конкурс арқылы жүргізіледі. Бұл ауыл-аймақтардағы мемлекеттік қызметкердің тапшылығын азайтуға мүмкіндік туғызбақшы. Мемлекеттік қызметкерге белгіленген сынақ мерзімі – алты ай. Қазір 850 орынға конкурс жарияланған. Күні бүгінге дейін 460 мемлекеттік қызметкер біліктілігін жетілдіру курсынан өткен.

Батыс Қазақстан облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Светлана Батырханова жыл сайынғы Жолдауларында Елбасы мемлекеттік қызметшілерге  үлкен үміт артатынын мәлімдейді. Себебі олар мемлекеттің өркендеуіндегі алға қойылған мақсаттарды  жүзеге асыратын негізгі күш  болып табылады.

«Халық үшін қызмет ету,  сапалы  мемлекеттік қызмет көрсету  азаматтардың мемлекетке деген  сенімін күшейтеді.   Сондықтан да мемлекеттік қызметтегі  әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі тиіс. Халықтың мемлекетке деген көзқарасы мемлекеттік қызметтің сапасымен және қолжетімділігімен байланысты екенін атап өту керек. Бүгінгі таңда облыстық әділет департаменттерімен мемлекеттік қызметтің 18 түрі көрсетіледі. Азаматтар мен заңды тұлғалардан  қабылданған өтініштер уақтылы орындалып, заң талаптарын бұзуға жол берілмей, мемлекеттік қызмет көрсетудің  сапалылығы  қадағаланады», — деді Светлана Жамбылқызы.

Ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ БҚО бөлімшесі – халыққа қызмет көрсету орталығының пиар менеджері-баспасөз хатшысы Сандуғаш Жұмағұлованың сөзіне қарағанда, аталмыш саланың қызметкерлері 630 мыңға жуық батысқазақстандыққа сапалы қызмет көрсетіп отыр. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі, бірінші және екінші топтағы жандарды қамту мейлінше жеңілдетілген. Жұмыс «Бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі. «Электронды портал» жұмыс істейді.

Сәкен МҰРАТҰЛЫ,

Батыс Қазақстан облысы


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика