+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
19.09.2016 в 21:48

ХГТУ-да дәстүрлі емес исламның таралуына қатысты кездесу өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасы жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ облыс аумағында түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Бүгін дін саласының мамандары Шымкенттегі Халықаралық Гуманитарлы-Техникалық университетінің студенттерімен кездесіп, «Қазақстан аймағындағы дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуы» тақырыбында баяндама оқыды. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің дінтанушы маман Ғ.Аппазов және «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» дінтанушы маманы М.Ержігітов қатысты. 
Кездесу барысында тақырыпқа сәйкес слайд көрсетіліп, Ғ.Аппазов баяндама оқыды.

«Кереғар ағымдар жайында айтар болсақ,  тоталитарлық секта, баламалы діндер, дәстүрлі емес діндер, іріткі салушы культтер, жаңа ғасыр діндері  деп те атап жатады. Бүгінгі миссионерлер кімдер? Олар арнайы психологиялық дайындықтан өткен, шет елдерде арнайы дайындалған мамандар. Бұлар әбден тәжірибе жинаған, алдап-арбау, азғыру әдістерін терең игерген. Адамды еліктіргіш қабілеттері мол адамдар. Олардың басты мақсаттары – өз қатарын көбейту. Жастарға негізгі ықпал ететін жолдары – діни әдебиет, ғаламтор, хабарландыру, жарнамалар тағы басқалары», — деп атап өтті дінтанушы Ғ.Аппазов.

Баяндамадан кейін аудитория дін маманын сұрақ астына алған. Олардың көпшілігі қазір қоғамда жиі ұшырасатын орамал тағу, хиджапқа орану, сақал қою, балақ кесу сынды сұрақтарға жауап алуғы тырысып жатты. Сондай-ақ, дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаты, қоғамға қаупі жайында да сөз қозғалды.

Жиын барысында түрлі слайдтармен бірге видеороликтер де көрсетілді. Ондағы кейіпкерлер –  теріс діни ағымдардың жетегінде кеткен жастар. Барынша түсінікті, әрі қызықты етіп түсірілген роликтердің мақсаты – жастардың ата-анаға деген құрметін арттырып, дәстүрлі исламнан адаспау жолын көрсету.

Айта кетейік, биыл Ақтөбе мен Алматы қалаларында орын алған лаңкестік оқиғаларынан кейін еліміздің барлық аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Дін мамандарынан құралған арнайы ақпараттық топтар шалғай ауылдардан бастап, аудан-қалалардың бәрін аралап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика