+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
06.10.2016 в 06:20

БҚО-да сот жүйесін жетілдіру жұмыстары талапқа сай жүргізілуде

Мемлекет басшысының дамыған елдердің отыздығына кіру жолында жариялаған Ұлт жоспарының екінші бағыты - заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Ата Заңда айқындалғандай, заң алдында азаматтардың бәрі бірдей. Осы қағидатты  мүлтіксіз сақтау тұрғысында Ұлт жоспарында бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Соған орай сот жүйесін жетілдіруге арналған жұмыстар Батыс Қазақстан облысында да талапқа сай жүргізілуде.

Соның бір дәлелі ретінде өңірде онлайн режимінде сот үдерісінің өтуін айтуға болады. Бұл шара облыста ағымдағы жылдың орта тұсынан бастап өтіп келеді. Орал қалалық сотында алғаш рет болған мұндай сипатта өткен шараға ҚР Жоғары сотының департамент басшысы Ілияс Испанов пен Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов қатысқан еді.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес бүгінгі таңда сот жүйесінде де реформалар жүруде. Ұлт жоспарының 20-қадамында барлық сот үдерісін аудио, бейне жазу шараларымен қамтамасыз ету жөнінде айтылған. Соған орай жаңа технологияларды кеңінен қолдану жүзеге асырылуда. Міне, соның бірі – сот процестерін онлайн жүйесінде өткізу. Бұл сотталғандарды түзету мекемесінен шығармай-ақ, сот үдерістеріне (процестеріне) қатыстыруға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ мұндай жүйеде өткен үдерістерге өзге өңірлерде тұратын куәгерлер, не өзге де мүдделі тұлғалар келмей-ақ, онлайн режимінде қатыса алады.

«Сот үдерістерін онлайн жүйесінде өткізу бағытында Жоғары сот Қылмыстық атқару жүйесі және Ақпараттандыру комитеттерімен келісімге келді. Біз тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеміз, Қылмыстық атқару жүйесі түзету мекемелерінен арнайы орын бөлсе, Ақпараттандыру комитеті байланыс арнасын ұйымдастырады. Аталмыш жүйенің барлық тарап үшін тиімді екенін уақыт дәлелдеп отыр. Яғни жедел, қауіпсіз, тасымалдау шығындары болмайды, сот процесіне байланысты мәселе туындап жатса, оны қайталап көріп, соттың қаншалықты әділ өткендігін бағалауға мүмкіндік бар. Енді өңірлерде де онлайн режиміндегі сот үдерісі тұрақты түрде өтетін болады», — деді Ілияс Испанов.

Айта кетейік, Ақ Жайық өңірінде алғаш рет ұйымдастырлған сот үдерісінде 1982 жылы туған, қазіргі уақытта БҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты РУ-170/2 мекемесінде жазасын  өтеуші Дамир Ахметовтің ісі қаралды. Онлайн режимінің нәтижесінде жазасын өтеушіні түзету мекемесінен ешқайда шығармай-ақ сот үдерісіне қатысуына мүмкіндік жасалды.

Таяуда Орал қалалық №2 соты жаңа ғимаратқа көшті. Қазіргі заман талабына, әлемдік стандартқа сай салынған жаңа ғимараттың ашылу салтанатында облыс әкімі Алтай Көлгінов бұл істердің бәрі

Елбасымыздың бекіткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы сот жүйесін модернизациялау бағыты бойынша атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Өз кезегінде сөз алған сот саласының ардагері  Қуаныш Әбуовтың айтуынша, олар кезінде мұндай игілікті өңі түгілі, түсінде де көрмеген. «Біз жұмыс істеген кезде екі-үш судья бір кабинетте отыратын. Сот актілері қолмен толтырылады. Тіпті кейде сот отырыстары дәліздерде өтетін еді. Мәңгілік ел болуға ұмытылған мемлекетіміздегі осындай жаңа ғимаратта соттың әділ шешімдері қабылданып, сот ісі ашық әрі айқын болады деп сенемін. Бұрын қазақ елінде әділдіктің символы билер институты болса, қазіргі жаңа қоғамда олардың рөлін әділ судьялар атқаруда. Елбасының қолдауының арқасында елдің сот жүйесі заман талабына сай дамып келе жатқанына қуаныштымыз», — деді Қуаныш Әбуов.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика