+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
23.09.2016 в 12:49

Шымкенттегі № 6506 әскери бөлімінің жеке құрамы дін мамандарымен кездесті

Шымкенттегі 6505 әскери бөлімінің жеке құрамына діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері жайында семинар өтті. Жас сарбаздар мен әскер мамандары дәстүрлі емес діни ағымдарды қалай ажырату керектігін және олардан сақтану жолдарынан хабардар болды.

«Экстремизм мен терроризм және нашақорлық»  деген тақрып алған осынау іс-шараны әл-Фараби аудандық әкімдігі мен ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы МКМ ұйымдастырып отыр.

Кездесуге әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының орынбасары М.Тәжібаев, ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ- ың дінтанушы маманы М.Ержігітов және Обылыстық наркодиспансер орталығының наркологы А.Шаукенбаева қатысты.

Кездесу барысында қазіргі кездегі өзекті тақырыптардың біріне айналған экстремистік және террористік сипаты бар діни топтардың құрылымы, діни білімі мен оқитын әдебиеттері, ұстаздары сондай-ақ, экстремистік әрекеттерге бой алдыру психологиясы жайында мәлімет берілді.

Сонымен қатар, ислам дінін жамылып түрлі экстремистік-террористік бағытта ақпарат тарататын  жалған діни топтардан сақтану жолдары мен алдын алу әрекеттері жөнінде кеңес беріліп, тыңдаушылар тарапынан сұрақ қойылды. Әсіресе, ақпараттық әлеуметтік желілерде көптеп кездесетін діни жанрдағы суреттер мен ұрандарды бөлісуде сақтық таныту қажет екені турала айтылып өтті. Кез-келген діни материалдарды ата-ананың бақылауынсыз балалардың оқуына, көруіне, тыңдауының соңы үлкен қауіп тудыруы мүмкін екені ескертілді.

Кездесу барысында тақырыпқа сай видеоматериал көрсетіліп, қатысушылар өзара пікірлерін білдірді.

Естеріңізге салайық, биыл Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғадан кейін еліміздің барлық аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Дін мамандарынан құралған арнайы ақпарат тобы республиканың барлық елдімекенін аралап, түсіндіру жұмыстарымен айналысуда.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика