+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
28.09.2016 в 19:54

Дін істері министрлігі мешіттердегі орысша уағызға қатысты түсініктеме берді

Күні кеше ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрыла салып, мешіттерде уағыздар тек қазақ емес, орыс тілінде де жүргізілсін деген бастама көтерген болатын. Алайда, ведомствоның бұл бастамасы қоғамда қарама-қайшы пікірлер туғызып, мұсылмандардың басым көпшілігі әлеуметтік желілер арқылы наразылықтарын да білдірді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Бүгін минитсрліктің баспасөз қызметі аталған бастама министр Нұрлан Ермекбаевтың немесе министрліктің өзге өкілдерінің тарапынан көтерілмегенін ресми мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде жекелеген мешіттерде уағыздардан кейін имамдардың орыс тілін пайдалануы туралы мәселе Министрлік тарапынан емес, осы шараға қатысушылардың бірімен көтерілген болатын. Сәйкесінше, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі аталған іс-шара барысында осы мәселе төңірегінде журналистер тарапынан сұрақтар қойылғаннан соң біршама түсініктеме берген болатын.

Министрлікке исламға қызығушылық танытып жүрген бірқатар діндарлардың мешіт имамдарының уағыздарын толық түсінбейтіні туралы ел азаматтарынан өтініштер түсіп отырады. Өтініштерде сондай діндарлардың осы себепті ислам туралы ақпаратты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми көздерінен тыс жерлерден, оның ішінде теріс діни ағымдардың ұстанушыларынан алуға мәжбүрлік танытатыны туралы айтылады. Сәйкесінше, өтініш жасаушы азаматтар халықаралық тәжірибені ескере отырып, мешіт имамдары ресми уағыздардан кейін қазақ тілін айтарлықтай меңгермеген азаматтар үшін орыс тілінде түсіндірме беруді ұсынады», — делінген ведомство өкілдері таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, Дін істері министрлігі мешіттердің қай тілде уағыз жүргізетіні біздің құзырымызға жатпайды дегенді де айтып отыр.

«Министрлік, өз кезегінде, азаматтардан түсіп отырған кез-келген өтініштерді қарастыруға және оларды талдап отыруға міндетті. Осы орайда Министрлік құзіретіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ішкі мәселелерінің шешімін табу кірмейтінін айта кеткіміз келеді. Сондықтан жоғарыда аталып отырған мәселе бойынша мешіттерге келушілердің пікірлерін ескере отырып шешім қабылдауы тиіс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына хабарласуды ұсынамыз», — дейді министрліктің баспасөз қызметі.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті еліміздің Конституциясында кепілдік берілген сөз бостандығына құрметпен қарай отырып, отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дін тәрізді өткір салада туындап отыратын мәселелер туралы екіұдай ақпарат беруге жол бермеуге және тұрғындарға шынайы ақпаратты дұрыс жеткізуге шақырады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика