+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
30.09.2016 в 20:07

Дін – тәрбие діңгегі

Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні – ислам. Тарихи деректерге сүйенсек, ата-бабаларымыздың ислам дінін қабылдағанына шамамен 1200 жылдан аса уақыт өткен. Содан бері ислам діні қазақ жерінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін қазақтың бөлінбес еншісіндей болып келеді.

Бүгін діннің осындай тұстарын жасөспірімдерге түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы №11 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында жоғарғы сынып оқушыларына Облыстық дін істері басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы, теолог маманы К.Рысбеков «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. 

Жиынның мақсаты – жастар арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру.

Осынау мектепте өткен кездесу барысында оқушылар мен мұғалімдер «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы, теолог маманы К.Рысбековтен мәзһаб, ислам ақидасы және басқа да толғандырған сұрақтарын сұрап, дәйекті жауаптарын алды.

Айта кетейік, дәл осындай кездесулер Шымкент пен Оңтүстік Қазақстан облысының өзге де аудан-қалаларында соңғы бірер айдан бері белсенді өтіп келеді. Оған басты себеп – жаз айларының басында Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалар. Ол кезде дәстүрлі емес ислам ағымдарының бірі – салафизм бағытын ұстанушылар 15-ке жуық жазықсыз адамды жер жастандырған болатын.

Сол оқиғадан кейін құрамына теолог-мамандар мен мемлекеттік қызметкерлер және имам-молдалар кіретін ақпараттық түсіндіру топтары еліміздің барлық өңірлерін аралауға кірісіп кетті. Олар жергілікті тұрғындар арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың қаупі жайында айтып, халықты ондай секталардан аулақ болуға шақыруда.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика