+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
28.09.2016 в 21:06

Елімізде террористтік қауіптердің алдын алу мақсатында 110 қауырт желісі енгізілді

Биыл Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін еліміздің барлық өңірінде қауіпсіздік шараларының күшейгені белгілі. Осындай шаралардың бірі – «110 қауырт желісінің» іске қосылуы болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұл жобаның басты мақсаты – террористік қауіптердің алдын алу болып табылады.

Қазақстанның кез-келген түпкірінен азаматтар  «110» нөміріне қоңырау шалған жағдайда, мәлімет аумақтық орналасуына байланысты ҰҚК Департаментінің кезекші қызметтеріне келіп түседі. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауднынан немесе кез-келген өзге аудан-қаласынан қоңырау хабарласқан жағдайда қоңырау ОҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне келіп түседі.

«110 қауырт желісі» ең алдымен, діни экстермизм мен терроризм идеологиясын насихаттау және тарату, дәстүрлі емес радикалды діни ағымдар мүшелерін оқыту, терроризмге дайындық, оны қаржыландыру, қаруландыру, оқыту немесе террористтік актілерді ұйымдастыру туралы анықталған фактілер бойынша жедел хабарламаларды қабылдауға арналған.

Осы ретте айта кету керек, осынау қауырт желі қауіпсіздік мақсатында қолға алынған жалғыз жұмыс емес. Бүгінде дін мамандарынан, мемлекеттік қызметкерлерден және имам-молдалардан құралған ақпараттық топтар еліміздің барлық өңірінде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар дәстүрлі емес діни ағымдардың қаупі мен олардан қорғанудың жолдарын насихаттауда.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Парламент қабырғасында дін туралы заңға қайта толықтырулар мен өзгертулер енгізу мәселесі де қаралып жатыр. Еліміздегі дін мамандары ислам атын жамылған діни ағымдарға, соның ішінде салафизм бағытына түбегейлі тыйым салу керек деп есептейді. Өйткені, Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардың артында дәл осы ағым өкілдерінің тұрғанын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айтқан болатын.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика