+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
28.09.2016 в 16:24

Діни радикализммен күресуде әскерилердің де ролі маңызды

Діни радикализммен және экстремизммен күресуде қоғамның ешбір бөлігі шет қалмауы тиіс. Бүкіл әлемнің проблемасына айналып отырған терроризмді тек біріккенде ғана жеңе аламыз. Дін мамандарының пайымы осындай.

Ата кетейік, биыл Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін еліміздің барлық өңірінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Теолог-ғалымдардан, мемлекеттік қызметкерлерден және имам-молдалардан тұратын ақпараттық топтар ауыл-ауылды аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр. Осындай іс-шаралардың бірі бүгін Шымкенттегі 35748 әскери бөлімінде өтті.

ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің мамандары бұл күні Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздармен және өзге де әскери қызметкерлермен кездесіп, теріс діни ағымдардан келетін қасірет туралы баяндама жасады.

Аталған орталықтың бөлім басшысы Ұ.Әлиакбарұлы жиналған қауымға «Әлемдегі, еліміздегі экстремизммен, терроризмнің көріністері туралы және экстремисттік, террористік іс-әрекеттер үшін жауапкершілік» атты тақырыпта баяндама оқып, тыңдармандар тарапынан «жауған» сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, жас сарбаздарға «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндірді. Қазақстандағы дін саясаты, дәстүрлі дін және түрлі діни ағымдар туралы, діни экстремизм туралы жалпы айтылды. Дәстүрлі дін туралы түсініктеме беріп, өзге де діни секталар туралы, олардың ықпалына түспеу және олардың қоғамның дамуына келтіретін зияны туралы толықтай айтып өтті.

Айта өтейік «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ осымен бірнеше айдан бері ОҚО аумағында түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика