+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
30.09.2016 в 22:02

Шымкенттік оқушылар «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбын талқылады

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен №65 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дін мамандарының оқушылармен кездесуі өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Аталған жиынға ОҚО дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы маманы А.Бектұрғанов қатысып, тақырып аясында баяндама оқыған болатын. Ол өз сөзінде экстремизм мен терроризмнің шығу тарихы мен әлемдегі зияндылық жайлы нақты мысалдармен түсіндірді.

Сонымен қатар, діни сұрақтар туындаған жағдайда 114 қауырт желісіне қабарласса боладындығы да айтылды. Желі – азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, сондай-ақ, деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңес беріп, психологиялық көмек көрсетуге арналған.

Егер:

- Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға мәжбүрлеген болса;

- Сізге көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса;

- Сізбен немесе Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізгісі келсе;

- Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға діни жоралар мен іс-шараларға қатысудыұсынған болса;

- Сізді діни бағыттағы күдікті жиындар мазалаған болса;

- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса;

- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге байланысты қиын жағдайларға ұшыраған болса;

- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегін қажет ететін болса қауырт желі мамандары Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап береді және көмек көрсетеді! Сіздер үшін заңгерлер, теологтар, дінтанушылар, психологтар жұмыс істейді. Кеңес беру тәулік бойы және дербес жүргізіледі. Қоңыраулар Қазақстанның кез-келген нүктесінен тегін қабылданады.

Ал, мектептегі кездесу біткен соң оқушылар дін маманымен сұрақ-жауап алмасып, дәстүрлі емес діни ағымдардан қорғанудың жолдарын талқылады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика