+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
07.10.2016 в 11:35

Дін мамандары М.Сапарбаев атындағы институт студенттерімен кездесті

ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ облыс аумағында оқушы-студенттермен, мемқызметкерлермен және қарапайым тұрғындармен кездесуін жалғастыруда. Мақсат – теріс діни ағымдардың алдын алу.

Осындай шаралардың бірі Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы институттың акт залында өтті. Студенттермен кездесуге аталған орталықтың дін маманы М.Ержігітов келіп, жастардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.

М.Ержігітов «Кереағар діни ағымдардың зардабы» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі салафизм мен уахабизм сынды қауіпті діни ағымдардың жетегінде кетпеуді де ескертті.

«Қазақ жері көне заманнан бері қарай сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Қазіргі Қазақстанның аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық (оның әсіресе несториандық және яковиттік тармақтары) ислам сияқты әртүрлі діни топтар қатар өмір сүрген, яғни толеранттылык иен конфессияаралық келісімнің үлгісі болған... Біз әлемге өзіміздің толеранттылығымызбен, ұлттық конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық. Біздің еліміздің өскелең дүниетанымдық әлеуеті бұдан ары қарай да сақталуға, дамуға тиіс. Бейбітшілік пен конфессияаралық келісім салаларында Қазақстан аясында болсын, тіпті дүниежүзілік ауқымда болсын, қол жеткізген белгілі табыстарымызға қарамастан, әлі шешілмеген, жедел шешуді қажет ететін мәселелер баршылық. Әсіресе қазір дүние жүзіне діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризм шынайы қауіп төндіріп тұр. Оларды XXI ғасырдың анағұрлым өткір мәселелеріне жатқызуға болады. Конфессияаралық келісім мен диалогты жетілдірудің жаңа жолдарын іздеу қажет. Дін, әуелі, әлемдік және дәстүрлі діндер адамның діни және рухани негіздерін дамытудың күшті факторы болып табылады. Діннің негізгі мақсаты адамдағы барлық адамгершілік қасиеттерді сақтау және оларды дамыту, адамның өзінің «бет-бейнесін» сақтап қалуына көмектесу болып табылады. Қазіргі әлемнің, оның ішіңде қазіргі Қазақстанның міндеті жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылык құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің енгізген принциптері мен қағидаларын қазіргі жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін және әр түрлі саяси құрылымдарды, сан алуан этностар мен конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды. Конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің нығаюы үшін, діннің біріктіруші, рухани тұрғыдан құрушы фактор есебінде рөлінің күшеюі үшін діни мәдениет пен діни сананы қалыптастыру қажет», - деді Ержігітов өз баяндамасында.

Айта кетейік, ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ соңғы бірнеше айдан бері ОҚО аумағында жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат – жастардың жас ағымдар жетегінде кетпеуін қамтамасыз ету.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика