+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
10.10.2016 в 19:58

Маңғыстаулық жігіттер әскерге аттанды

Қазақстанда күзгі әскери шақыру науқаны басталды. Биыл Отан алдындағы парызын 600-ден астам маңғыстаулық жас азамат өтемек. Осыған орай, облыстық әскери комиссариат ғимаратында жас сарбаздарды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қатарына, мерзімді әскери қызметке жөнелтуге арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Салтанатты шарада облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Еділ Оразов құттықтау сөз алып, жастарға ақ жол тіледі.

«Отан оттанда ыстық. Отанды қорғау — әр азаматтың абыройлы қызметі, азаматтық борышы. Көне заманнан қазақтың ерлері Отанын, жерін, халқын, отбасын жаудан қорғауға дайын болған. Міне, бүгінгі жігіттер де егеменді елімізді абыроймен қорғауда. Отан алдындағы парызыңызды атқарып, офицерлердің әскери бұйрықтарын бұлжытпай орындап, әскери қиыншылықтарды төзімділікпен өткеріп, ел сенімін ақтап, мемлекетіміздің ержүрек қорғаушылары атаныңдар! Отан алдындағы әскери міндетіңізді абыроймен атқарып, аман-есен туған жерлеріңізге қайтып келуіңізді тілеймін! Сіздер кез келген уақытта тәуелсіз елімізге қорған болуға дайын, рухы мықты азамат болуыңыз қажет», — деді ол.

Сондай-ақ ҚР Қарулы күштері ардагерлер кеңесінің төрағасы, полковник Нұрлыбай Қонақбаев, 20/18 әскери бөлімінің өкілі Ақылбек Саматов, ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, жастарға амандық, әскери борышына беріктік, ерлік, сәттілік тіледі. Департамент атынан жас сарбаздарға «Ержүрек» кітабы тарту етілді.

«Әскери қызметке шығарып салу науқаны желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Олар медициналық тексерістен өтіп, әскерге аттанбас бұрын тыңғылықты әзірленген. Барлығы әскери қызметке дайын. Бүгінде әскери қызметте барлық жағдай жасалған», — деді Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, әскери қызметшілерді келісімшартпен шақыру бойынша басқарма бастығы Шынболат Ақмұратов.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика