+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
18.10.2016 в 23:21

БҚО-да ауылшаруашылық саласына бөлінетін қаражат жыл сайын артып келеді

Биыл Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласына бөлінген қаражат 8,3 млрд теңгені құрап отыр. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай көп дейді өңір басшысы Алтай Көлгінов ауылшаруашылық қызметкерлерінің күніне орай өткізілген салтанатты шарада, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Облыс әкімінің айтуынша, аталған сала батысқазақстандықтардың негізгі жұмыс көзі болып табылады. Өйткені, жергілікті тұрғындардың 51 пайызы ауылды елдімекендерде тұрады.

«Халқымызда «ауылдың амандығы – елдің амандығы» деген өсиетті сөз бар. Расында да, ұлтымыздың тамыры – ауыл, тағдырымыз да соған байланысты. Ауылшаруашылығы саласын дамыту – бұл 443 ауылдық елдімекенді өркендету, облыс тұрғындарының жартысынан астамын (51,5%-ын, 329 мың тұрғындарын) қолдау болып табылады. Мемлекет тәуелсіздік жылдары бұл салаға айрықша назар аударып, ерекше көңіл бөліп келеді. Тек 2016 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 8,3 млрд. теңге қаражат жұмсалды (2014 ж. 4,9 млрд теңге, 2015 ж. 7,1 млрд. теңге). Сонымен қатар, 2016 жылы ауыл шаруашылығын қаржыландыруға шаруашылықтармен 3,6 млрд. теңге «ҚазАгро» акционерлік қоғамы арқылы несие ресурстары тартылды», – деді облыс әкімі.

Көлгіновтің айтуынша, тәуелсіздік алған жылдары өзге облыстар секілді Жайық жағасында да ауылшаруашылық саласы құлдырап кеткен. Алайда, Елбасы жүргізген саясаттың және халықтың табандылығының арқасында қазір даму қарқыны еселеп өсіп келеді екен.

«Өз тарихында қандай да болмасын қиын-қыстау кезеңді  абыроймен өткерген халқымыз, осы сәтте де маңдай тер, адал еңбегімен ауыл шаруашылығын қайта қалпына келтірді. Мысалы, тәуелсіздік жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 16 есеге өсті (7 млрд. теңгеден 107 млрд. теңгеге дейін). Майлы дақылдардың алқабын әртараптандыру нәтижесінде 1991 жылғы 27 мың га-дан ағымдағы жылы 53 мың га-ға немесе 2 есеге дейін ұлғайды. Сондай-ақ, картоп, көкөніс-бақша дақылдарының алқабы да 2 есеге ұлғайып, 12 мың га құрады», – дейді А.Көлгінов.

Оның айтуынша, өңірде соңғы 20 жылда ірі қара мал басы 30%, қой мен ешкі – 50%, жылқы – 60%, құс саны 130% артқан.

Айта кетейік, БҚО-ның ауыл шаруашылығы саласында 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында сыртқы сауда саттық айналымы 14,4 млрд.теңгені құрады, соның ішінде экспорт – 2,4 млрд. теңге, импорт 12,0 млрд. теңгеге жеткен. 

Облыс қатырылған және тірілей түрінде ірі қара және ұсақ мал етін, балық өнімдерін, ұн және ұннан жасалған өнімдер, майлы дақылдар, макарон өнімдерін және т.б. экспорттайды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика