суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

«Ақтау-Бейнеу» жолын қайта жөндеу басталды

«Ақтау-Бейнеу» асфальт жолы алыс жолға көлікпен сапарлатқан жандар үшін қиындық тудырып келе жатқан болатын. Осы мәселе бойынша жағдайды Маңғыстау облысынан сенатор боп сайланған депутаттар көзбен көріп қайтты. Осы орайда сенаторлар Михаил Бортник пен Бақтыбай Челпеков жол құрылысының қалай жүріп жатқанын тексерген еді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының ұзындығы – 1033 шақырым. Жыл басынан бері жолдардың 470 шақырымы қайта жаңғыртылды. Жыл аяғына дейін «Бейнеу-Шетпе» жолының 200 шақырымын қайта жаңғырту жоспарлануда. Ұзындығы 300 шақырым «Бейнеу – Шетпе» асфальт жолы алты бөлікке бөлінген. Оның төрт бөлігін «Алсим Аларко» түрік компа­ниясы Азия даму банкінің қарыз қаражаты есебінен жөндеуден өткізуде. Қалған екі бөлігін республикалық бюджет есебінен екі қазақстандық компания: 40 шақырымын «Атырау жолдары» (38,7 шм аяқталған) және 60 шақырымын «Нияз-Мұхаммед» жөндеуден өткізуде.

«Шетпе–Бейнеу» автокөлік жолының телімінде «Нияз-Мұхаммед» компаниясының аздаған қиындықтары туындап қалды. Көктемгі жауын кезінде Маната өткелінде көшкін болған. Енді компания жол учас­кесін кеңейтіп, осындай жайттың тағы қайталануының алдын алуы керек. Алайда компанияның бас директоры Берген Нұров бұл мәселені айта қаларлықтай қиындық деп есептемейтін сияқты.

Жолдың барлық бөлігінде тапсырыс берушімен қатар шетелдік мамандар да техникалық бақылау жүргізуде. Атап айтсақ, «Алсим Аларко» компаниясының телімінде техникалық бақылау және сапа­сын қолдау жұмыстарын оңтүстік Корей компаниясы қазақстандық компаниямен бірге жүргізуде. Мұндағы жұмыстарға тартылған «Маңғыстау жол лаборатория­сы» зертханасының қызметкерлері де келіп, келісімшарттың техникалық ерекшелігінің сәйкестігін тексеріп тұрады.

«Алсим Аларко» компаниясы «Бейнеу – Ақтау автокөлік жолының құрылысы» жобасында Манашыдан Сайөтеске дейінгі үш телімде дорзин қосылған тұрақтандырушы қабат төсеуде. Сапа бақылау бөлімінің басшысы Арман Жолдықұловтың ай­туынша, автокөлік жол­дарын қайта жаңарту үшін қолданылатын материалдар – 100% қазақстандық. Бұл – жергілікті битум, Шетпе карьерінің қиыршық тасы, цемент, сыр, темір­бетон заттар мен басқа да материалдардың барлығы – қазақстандық кәсіпорындардың өнімі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: