+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
20.10.2016 в 17:09

Бірлік пен біртектілікті дамытудың үйлестірушісі

Ұлт Жоспарының 4-ші бағытында айтылған бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен көптеген іс-шара атқарылуда.

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі аясында Ақ Жайық өңірінде де қазақстандық бірлік пен бірегейлікті дамыту, ұлтаралық және конфессияаралық келісім моделін қалыптастыру бағытында 2 мыңнан аса іс-шара жүзеге асты. Ағымдағы жылдың ақпан айында Орал қаласында Достық үйі ашылды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі, облыстық ассамблеяның төрағасы Алтай Көлгіновтың айтуынша, қазіргі уақытта облыстық ассамблеяның толыққанды құрылымы жасақталды. Ол қоғамдық келісім мен қазақстандық бірлік пен біртектілікті дамытудың үйлестірушісі қызметін атқаруда. Бүгінде облыстық ассамблеяның құрамында 13 облыстық және аудандық кеңес, 132 аналар кеңесі, 153 ақсақалдар кеңесі, ғылыми-сараптамалық топ пен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дағы Ассамблея кафедрасы, журналистер клубы, облыстық мәслихаттағы «Ынтымақ» депутаттық тобы, БҚО ҚХА жастар қанаты және барлық оқу орындағы 412 достық клубы, 300 адамды біріктіріп отырған «Мейірім шуағы» волонтерлық қозғалысы бар.

«Қазір облыстық ассамблеяның активі 21 мың адамды құрайды. Бұл үлкен әлеует. Соған орай әрбір құрылымға, соның ішінде халықтың дауысы, бағыттаушысы, қоғамдық бақылаушысы болып табылатын қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысына жете мән беріледі. Олар орын алған түрлі жағдайларға бірінші болып назар аударып, тиісті шаралар алуы керек. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық келісім кеңестері жергілікті өзін-өзі басқарудың бір түрі ретінде халық пен билік арасындағы алтын көпір қызметін атқарады.

Облыстық ассамблея және оның құрылымдық бөлімшелері мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шешімдерді тұрғындарға жеткізе уақтылы білгендері дұрыс. Аудандар мен ауылдардағы қарапайым тұрғындарға жаңа реформалардың қолға алынуының мән-маңызын, олардың халыққа пайдасын жан-жақты түсіндіргені жөн. Мемлекет басшысы атап өткендей, ассамблея мен оның барлық құрылымдары жергілікті әкімдермен бірігіп өңірдегі іс-шараларға белсене араласуы қажет», — дейді Алтай Көлгінов.

Өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері облыстың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу ісіне кеңінен тартылуда. Облыстық ассамблеяның 32 мүшесі облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары болды. Ұлтаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты, этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамытуды көздейтін «Үлкен отбасы – үлкен ел» жалпыхалықтық жобасының жүзеге асуы жалғасуда. Бұл бағытта облыста биыл «Этнос күндері» атауымен 16 жоба бастау алды.

Ассамблеяның жаңа бағыттарының бірі – медиация институтын дамыту. Осы орайда облыстық ассамблея облыстық сотпен меморандумға қол қойылып, атқарылатын жұмыстар мен медиа-жоспарларын бектті. Бүгінгі таңда облыста 145 медиация бөлмесі жұмыс жасайды. Онда қоғамдық келісім, ақсақалдар кеңестері мүшелерінің, доғарыстағы судьялардың қатысуымен медиация, тараптарды татуластыру жұмыстарына орай қабылдаулар жүргізіледі.

Облыстық ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақовтың мәлімдеуінше, ассамблеяның жаңа жұмыс бағытын қалыптастыру мен ұлтаралық байланысты нығайту және қазақстандық біртектілік пен бірлікті дамыту тиімділігі турасында тұрғындар арасында арнайы әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Сауалнамаға қатысқандардың батысқазақстандықтардың көпшілігі (91,4 пайызы) өңірдегі ұлтаралық жағдайды оң бағалапты (2015 жылы – 71,8 пайыз). Респонденттердің 88,3 пайызы өзге этностарға оң көзқарас танытатындарын айтқан (2015 жылы – 78,4 пайыз).  Респонденттердің 85,8 пайызы өзін қазақстандықпын деп санайды екен (2015 жылы – 83,9 пайыз).

БҚО кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы Максим Пак еліміздегі барлық этнос үлкен бір отбасы секілді қоғамымыздың өркендеуі үшін жұмыс істеуі керек деп санайды. «Біз, қазақстандықтар Елбасы ұсынған «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберіне топтасуымыз керек,-дейді Максим Пак.-Ассамблеяның арқасында біз әрбір ұлттың мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарап, олардың ұлттық мерекелеріне бір кісідей қатысып, шынайы достықтың қандай болатынын ұғындық. Енді біз экстремистік пиғылдағы радикалдарға қарсы тұрып, республикамыздың тұрақтылығы мен келісімін бұзуға жол бермеу бағытында жұмыс істеуіміз қажет».

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,

Батыс Қазақстан облысы


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика