+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
24.10.2016 в 13:32

Батыс Қазақстан облысында сүтті мал шаруашылығы дамуда

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60-шы қадамы сүт және сүт өнімдері өндірісін дамытуға арналған. Бұл мақсатта Батыс Қазақстан облысында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттында 171218,6 тонна сиыр сүті өндірілген. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегі өнідірілген өнім көлемімен салыстырғанда 4,1%-ға жоғары.

Жалпы алдағы уақытта Ақ Жайық өңірінде сүт өнімдерін өндіру және өңдеу ауқымы ұлғая түспек. Өңірдегі бірқатар шаруашылық сүтті мал шаруашылығымен айналысуға, соның ішінде тауарлы-сүт фермасын құрып, сүт өндірісін жүйелі түрде қолға алмақ ниетте. Бұған елімізде сүтті-тауарлы фермаларды дамыту мақсатында өткен жылдан бастап жүзеге асып атқан «Ырыс» бағдарламасы мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама бойынша сүтті бағыттағы асыл тұқымды аналық мал басы мен қажетті техника, құрал-жабдықтарды сатып алуға жеңілдетілген несие қарастырылған. Биыл облыста «Ырыс» бағдарламасы аясында 300 басқа арналған шағын тауарлы сүт фермаларын құру жоспарланған. 2014-2015 жылдары облысымыздағы бес шаруашылық 326 асыл тұқымды сүтті бағыттағы ірі қара мал сатып алған және осы мал үшін оларға 40997,2 мың теңге мемлекеттік субсидия төленді.

Ақ Жайық өңірінің Зеленов, Теректі және Тасқала, Бөрлі сынды облыс орталығына жақын орналасқан аудандарында сүт өндіру жақсы дамыған. Негізінен осы аудандарда орналасқан жеті шаруашылық асыл тұқымды сүтті бағыттағы мал өсіреді. Бұл шаруашылықтарда 1241 ірі қара мал болса, соның ішінде сауын сиыры 775 басты құрайды. Биыл тауарлы сүт фермасын құру үшін Тасқала ауданының «Луч» шаруа қожалығы өз қаржысына асыл тұқымды 51 голштин тұқымының қашарын сатып алып, мемлекеттік қолдау бойынша 7854,0 мың теңге субсидия алды. Зеленов ауданындағы  «Шканов» шаруа қожалығы Ресейден голштин тұқымды 100 қашар сатып алып,   субсидиялауға құжаттарын тапсырды және 50 бас малға субсидия алды. Зеленов ауданының «Кубеев» шаруа қожалығы 100, Бөрлі ауданының «Евраз ЛТД» ЖШС 185 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды шетелдік ірі қара малының аналықтарын «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы сатып алу үшін жұмыстануда.

Облыс басшылығы қазіргі уақытта Орал қаласынан шет жатқан аудандарда сүтті мал шаруашылығын жандандыруға жете мән беруде. Бұл мақсатта несиелік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары қолға алынған. Осынау жұмыстардың нәтижесі болса керек, облыс орталығынан төрт жүз шақырымдай қашықтықтағы Жаңақала ауданының «Шамұрат» шаруа қожалығы,  алты жүз шақырымға жуық қашықтықтағы Бөкей ордасы ауданының «Жұмағұлова» жеке кәсіпкерлігі сүтті бағыттағы мал өсіруді бастады. Оралдан 500 шақырым шалғай орналасқан Жәнібек ауданының «Ұлан» шаруа қожалығы сүтті қайта өңдейтін кәсіпорынды іске қосуды жоспарлап отыр.

«Биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен жаңа бағыт қолға алынды. Жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру және жұмыспен қамту мақсатында сүт өндіріп, жинап өткізуді дамыту үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары» бөлімдері арқылы несиелеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Мәселен, Зеленов ауданы бойынша 2 сүт қабылдау пунктін ашу және 4 сүт тасымалдайтын автокөлік сатып алу жоспарланып, қазіргі таңда «Каверин» жеке кәсіпкерлігі Дариян ауылында күніне 20 тонна сүтті қайта өңдейтін кәсіпорынның 380 шаршы метр аумағын әрлеп, коммуналдық жүйелерді өткізу жұмыстарын аяқтады. Қажетті құрылғылар мен жабдықтар 62 млн. теңгеге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның несие қаржысы арқылы сатып алынады деп жоспарлануда. Қазан айында аталған кәсіпорынды жөндеп, жабдықтап іске қосқаннан кейін Железнов ауылында сүт қабылдау қосынын ашу жоспарланып отыр. Егер ауыл-аудандарда сүт өндіру кооперативтері құрылған жағдайда, оның иелеріне сатып алған әрбір отандық асыл тұқымды мал басы үшін 154 мың теңге демеуқаржы беріледі. Ал асыл тұқымды ірі қара шетелден әкелінсе, онда бір бас үшін 118 мың теңге демеуқаржы төленеді. Сонымен қатар жалпы табындардағы аналық мүйізді ірі қара малына асыл тұқымды бұқа қосқаны үшін шаруашылыққа 104 мың теңге субсидия беріледі. Бұл мәселеге қатысты ешқандай қиындықтар туындаған жоқ», — деді Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика