+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
21.10.2016 в 20:53

Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс v сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың 2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы шешіміне өзгерістер енді. Бұл туралы бүгін мәслихат депутаттарының кезектен тыс 5-ші сессиясында мәлім болды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Сондай-ақ, отырыста халық қалаулылары шаһар болашағына қатысты 8 мәселенің шешімдеріне тоқталды.

Күн тәртібіндегі  басты мәселені қалалық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Гүлнар Хайрлиева баяндады. Яғни, ол қалада тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу халықты әлеуметтік қорғаудың бірі екенін айтып өтті.

«Бұрын қалалық мәслихаттың қабылданған шешімінде Халыққа қызмет көрсету орталығы деген атауы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы болып ауыстырылғанын естеріңізге саламын», — қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнәр Хайрлиева.

Бұдан бөлек, қаладағы аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жайы кеңінен талқыланды. Бүгінде Ақтау бойынша 300-ге жуық дәрігер жетіспейді екен. Сондықтан, олардың орнын толтыру үшін, дәрігерлер династиясын қолдау керектігі айтылды.

«Жергілікті бюджеттің есебінен төлеп, сол балаларды өзіміздің  елімізге қайтарып осы жерде қызмет істету. Әрине, біздер оларға талап қоямыз . Сіздер мемлекет есебінен оқисыздар, біздің ақтау қалалық  бюджетінен оқисыздар. Бірақ, қайтып келіп кем дегенде 5 жыл осы біздің халқымыздың денсаулығын қарауға еңбектенесіздерх, сондай келісім шартпен оқисыздар деген ойымыз бар. Осыны эксперименттік жүйе ретінде кіргізіп отырмыз», — Ақтау қалалық мәслихат хатшысы Марат Молдағұлов

Бұны да депутаттар бір ауыздан қабылдап отыр. Сондай-ақ, жиында қала бюджетінің өзгерістері де айтылды. Негізгі кіріс пен шығыс бөлігін есептегенде 600 млн-нан астам теңге халық игілігіне қолданылмақ.  Демек, қосымша кіріс бар. Яғни, бұл шаһарды абаттандыруға, тұрғын үй мәселелерін шешуге және қаланың инфрақұрылым жүйесін жаңғыртуға бөлінбек.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика