+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
23.10.2016 в 14:30

ОҚО-ның Төлеби ауданында дін мамандары халықпен кездесті

Теріс діни ағымдармен күрес жұмыстары соңғы бірнеше айда еліміз бойынша күшейтілгені белгілі. Бұған Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалар себеп болған еді. Мәселен, бүгінде республиканың түкпір-түкпірінде дін мамандарынан құралған арнайы ақпараттық топтар халықпен кездесіп, дәстүрлі емес діни ағымдардың зауалы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Осындай іс-шаралардың бірі Оңтүстік Қазақстан обысындағы Төлеби ауданында өтті. Облыстық Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің мамандары аталған ауданның бірнеше елдімекенінде болып, жергілікті халықпен кездесті.

Алғашқы кездесу Тасарық ауылындағы №7 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтті. Оған «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» мамандары Ғ.Аппазов пен Б.Заманханов қатысып, тұрғындарға баяндама жасады. Баяндама барысында ұлттық, әлемдік дәстүрлі діндерден бөлініп шыққан дәстүрлі дін атын жамылған кереғар діни ағымдар жайында мағлұмат берілді. Сонымен қатар, елімізде тіркелген және тіркелмеген дәстүрлі емес діни бірлестіктер туралы айтылды. Ондай кереғар діни ағымдардың еліміздің бірлігіне, жеріміздің тұтастығына, халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүріне, қоғам өкілдерінің санасына, жастардың психологиясына тигізер теріс әсері жайында да кеңінен талқыланып мәліметтер берілді. Жастарымыздың мұндай кереғар ағымдардың жетегінде еріп кетулерінің басты себебі діни сауатсыздық пен діннің кейбір мәселелерін жетік түсінбеушілігінен деп атап кетті.

Дәл осындай форматтағы кездесулер Ленгер қалалық емханасында және осы елдімекендегі №9 кәсіптік техникалық колледжінде де өтті. Мамандар дәрігерлер мен студенттерді кереғар діни ұйымдар мен секталардың ықпалынан сақтануға шақырып, өз баяндамаларын оқып берді.

Кездесулердің барлығы сұрақ-жауап алмасумен аяқталған. Әсіресе, жастар жағы таза ислам мен адасқан жолдың айырмашылықтары жөнінде жиі сұрақтар қойды.

Айта кетейік, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ ОҚО аумағында соңғы бірнеше ай қатарынан осы тектес кездесулер өткізіп келеді. Әсіресе, студенттер және мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстары жиі өткізіледі. Мақсат – жастарды кереғар діни ағымдардан сақтандыру.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика