+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
22.10.2016 в 19:35

Отырар мен Арыс аудандарының тұрғындары теріс діни ағымдар туралы ақпарат алды

Оңтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасының тұрғындар арасында жүргізіп жатқан түсіндіру жұмыстары әлі жалғасуда. Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін тек ОҚО-да емес, бүкіл республика аумағында қауіпсіздік күшейтіліп, алдын алу шараларының жүргізіліп жатқаны белгілі.

Осындай түсіндіру жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында өтіп үлгерді. Солардың бірі қасиетті Отырар мен Арыс аудандарындағы ауылдарда өткен кездесулер. Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ ұйымдастырған шараға мектеп оқушыларынан бастап, ауыл қарияларына дейін қатысып, пайдалы ақпарат алып қайтты.

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында өткен кездесулер Қожатоғай, Жиделі және Байырқұм ауылдарында өтті. Жиынды жүргізіп, баяндама оқыған дін маманы Б.Омарбаев дәстүрлі емес діни ағымдардың зауалы туралы айтып берді.

Баяндама барысында ұлттық, әлемдік дәстүрлі діндерден бөлініп шыққан дәстүрлі дін атын жамылған кереғар діни ағымдар жайында мағлұмат берілді. Сонымен қатар, елімізде тіркелген және тіркелмеген дәстүрлі емес діни бірлестіктер туралы айтылды. Ондай кереғар діни ағымдардың еліміздің бірлігіне, жеріміздің тұтастығына, халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүріне, қоғам өкілдерінің санасына, жастардың психологиясына тигізер теріс әсері жайында да кеңінен талқыланып мәліметтер берілді. Жастарымыздың мұндай кереғар ағымдардың жетегінде еріп кетулерінің басты себебі діни сауатсыздық пен діннің кейбір мәселелерін жетік түсінбеушілігінен деп атап кетті.

«Бүгінгі қоғамдағы дін және діни қақтығыстар күрделі әрі маңызды мәселеге айналып отыр. Дәстүрлі дінімізді ыңғайына қарай бірнеше тармаққа бөліп тыныштық пен бейбітшілікті жақтайтындар дінімізге жат іс-әрекеттерді жүзеге асыруда. Қысқасы, еңсесін тіктеген, мұраты биік, мақсаты айқын Тәуелсіз еліміз үшін дін тақырыбы оңайға соғып тұрған жоқ», - деді «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ қызметкері Б.Омарбаев өз баяндамасы барысында.

Кездесулердің барлығы сұрақ-жауап алмасумен аяқталған. Әсіресе, жастар жағы таза ислам мен адасқан жолдың айырмашылықтары жөнінде жиі сұрақтар қойды.

Айта кетейік, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ ОҚО аумағында соңғы бірнеше ай қатарынан осы тектес кездесулер өткізіп келеді. Әсіресе, студенттер және мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстары жиі өткізіледі. Мақсат – жастарды кереғар діни ағымдардан сақтандыру.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика