+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
21.10.2016 в 18:39

ОҚО-ның Арыс қаласында тұрғындар дін өкілдерімен кездесті

Дәл қазір қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – дін және діни қақтығыстар мәселесі екені белгілі. Ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі дінімізді бірнеше тармаққа бөліп алып, ойына келгенді істеп жүрген қандастарымызды жат ағымдардың жетегінен алып шығу мақсатында еліміздің барлық аймағында өазір түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Мұндай іс-шаралар Оңтүстік Қазақстан облысында да жиі өткізіліп келеді. Облыстық Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің мамандары аудан-қалаларды аралап, жергілікті халықпен кездесулер өткізуде, теріс діни ағымдарды залалы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Дәл осындай кездесулер Арыс қаласында өтті.

Адам баласы үшін қауіпті деп есептеліп отырған діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында, қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Арыстағы ПЧ-32 мекемесі, Арыс аудандық ішкі істер бөлімі мен желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне, Ә.Жангелдин жалпы орта мектебінің ұстаздары мен қала тұрғындарына облыстық дін істері басқармасының жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы, теолог маманы Б.Омарбаев «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.

Дін өкілі осынау кездесулер барысында ұлттық, әлемдік дәстүрлі діндерден бөлініп шыққан дәстүрлі дін атын жамылған кереғар діни ағымдар жайында мағлұмат берді. Сонымен қатар, елімізде тіркелген және тіркелмеген дәстүрлі емес діни бірлестіктер туралы айтылды. Ондай кереғар діни ағымдардың еліміздің бірлігіне, жеріміздің тұтастығына, халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүріне, қоғам өкілдерінің санасына, жастардың психологиясына тигізер теріс әсері жайында да кеңінен талқыланып мәліметтер берілді.

Жиынның мақсаты – халық арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру болып табылады. 

Жиыннан жақсы әсер алған қызметкерлер мәзһаб, ислам ақидасы және басқа да толғандырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан дәлелді, дәйекті жауаптарын алды. 

Кездесу барысында түрлі ағымдар мен секталардан сақтандыруға арналған облыстық ішкі саясат басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» дайындаған арнайы бейнеролик көрсетіліп, кітапшалар таратылды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика