+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
20.10.2016 в 20:43

Төлебиде денсаулығында ақауы бар балаларға теріс діни ағымдардың залалы туралы айтылды

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында «Құлағы нашар еститін балалар» мектеп интернатының, «Ленгер тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған көмекші» мектеп интернатының және аудандық мәдение үйінің қызметкерлерімен кереғар діни ұйымдар мен секталардың ықпалынан сақтандыруға бағытталған кездесулер өтті.

Бұл туралы ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Кездесуге аталған орталықтың «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру» бөлім маманы Ғ.Аппазов және «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің Б.Заманханов қатысты.

Іс-шаралар барысында орталық мамандары тақырып бойынша баяндама оқыды. Ұлттық, әлемдік дәстүрлі діндерден бөлініп шыққан дәстүрлі дін атын жамылған кереғар діни ағымдар жайында мағлұмат беріп өтті. Сонымен қатар, елімізде тіркелген және тіркелмеген дәстүрлі емес діни бірлестіктер туралы айтып кетті. Ондай кереғар діни ағымдардың еліміздің бірлігіне, жеріміздің тұтастығына, халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүріне, қоғам өкілдерінің санасына, жастардың психологиясына тигізер теріс әсері жайында да кеңінен талқыланып мәліметтер берілді. Жастарымыздың мұндай кереғар ағымдардың жетегінде еріп кетулерінің басты себебі діни сауатсыздық пен діннің кейбір мәселелерін жетік түсінбеушілігінен деп атап кетті. Кездесу соңында ауыл тұрғындарындары өздерінің толғандырған сұрақтарына дінтанушы маман тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды.

Айта кетейік, биыл жазда Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін еліміздік барлық өңірлерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Дін мамандарынан құралған арнайы ақпараттық топтар аудан-қалаларды аралап, жергілікті тұрғындарға теріс діни ағымдардың залалы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат – жастарды дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кетіп қалудың алдын алу.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика