+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
12.10.2016 в 21:48

Кентаулық жастар дін мамандарымен кездесті

Жастар мен жасөспірімдер арасында деструктивті ағымдардың ықпалының алдын алу мақсатында ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің тапсырысына сәйкес «Қазынат-Мирас» Жеке Қорының ұйымдастыруымен «Жастар мен жасөспірімдер арасында деструктивті ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында Кентау қаласында №2 және № 4 жалпы орта мектебінде, ОҚО кәсіптік колледжінде кездесу болып өтті. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Кездесуге ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімнің дінтанушы маманы И.Абулхайров қатысты. 

«Халық даналығы «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дейді. Бұл не деген сөз? Мәнін ойлап көрдік пе? Бұл Отанды қорғау жолында бәріне бара білуді, ештеңеден тайсалмауды білдіреді. Адамға алуан түрлі қасиет, дарын туған ортадан дариды. Сондай-ақ туған жер ата-бабаларымыздың сүйегі жатқан жер болғандықтан ұрпаққа перзенттік парыз жүктейді. Исламда бес нәрсені: Отаныңды, дініңді, ұятыңды, жаныңды, дүниеңді қызғыштай қорғау міндеттеледі. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген де мәнді сөз бар. Отанды сүюге, туған елге деген құрмет сезімі жанұядан бастау алады. Олай болса, балаға жастайынан жақсы тәрбие берумен туған елге құрметтеуді жанын қорғағандай дінін, отанын қорғау секілді құндылықтарды үйретуге де, отағасы жауапты болғаны. Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының «Балам деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын?!» деген ұлағатты пікірі де өте маңызды» - деді И.Аубхайров өз сөзін дәйекті мысалдармен түсіндіріп.

Кездесу соңында оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика