+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
09.10.2016 в 16:58

Дін мамандары төлебилік оқушыларға теріс діни ағымдардың залалы жайында айтып берді

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында оңтүстікқазақстандық жастар арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табуда. Облыстық Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ММК мамандары жоғары оқу орындары мен колледждерді және орта мектептерді аралап, дәстүрлі емес діни ағымдардың залалы жөнінде дәрістер оқып жүр.

Осындай кездесулердің бірқатары Төлеби ауданында өтті. Атап айтқанда, «Жасөспірімдер мен жастар арасында десртуктивті ағымдардың ықпалының алдын алу» деген тақырыпта дін мамандары №1 мектеп гимназиясында, № 3 Ш.Уалиханов және № 4 Қ.Сатпаев  атындағы жалпы орта мектептерінде арнайы дәрістер оқыды.

Іс-шараларға «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің дінтанушы маманы Ғ.Аппазов және «Қоғамдағы дін қатынастырын зерттеу» бөлімінің дінтанушы маманы Б.Заманханов қатысып, тақырып аясында баяндама оқыды және мектеп оқушыларына керағар ағымдардан сақтандыру бойынша арнайы дайындалған бейне ролик көрсетілді.

Қоғамымыздың басты мәселелерінің бірі – еліміздегі түрлі дінді ұстанушылар арасында діни экстремистік көзқарастардың орын алуына жол бермеу болып табылады. Осыған қатысты дін мамандары университет студенттеріне және мектеп оқушыларына діни сауатсыздықтан, діни тұрғыдан жүйесіздіктен және бір жақты түсініктен сақтанудың жолдарын түсіндіріп өтті. Діни сауаттылық қоғамда қаншалықты жоғары деңгейде болса, діни алауыздық соншалықты төмен деңгейде болады деп білімнің, тәрбиенің маңыздылығына тоқталды.

Айта кетейік, биыл жазда Ақтөбе мен Алматы қалаларында орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін еліміздік барлық өңірінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, арнайы құрылған ақпараттық топтар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика