+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
27.10.2016 в 09:38

Теріс діни ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, бірлігімізге сызат түседі – М.Бесбаев

Дәстүрлі емес діни ағымдарға дәл қазір тосқауыл қоя білмесек, ертең бәрі де кеш болуы мүмкін. Теріс діни ағымдарға ілескен «діндарлар» бірлігімізге сызат түсіріп, берекемізді қашыратыны сөзсіз. Бүгін Шымкент телеарналарының біріне сұхбат берген «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің  директор міндетін атқарушы Мәди Бесбаев осылай деді.

Айта кетейік, аталған орталық Оңтүстік Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының жанынан ашылған болатын.

Сұхбат барысында мекеме басшысы діни экстремизмнің адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашатынын және жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, бірлігімізге сызат түсетіндігін айтып өтті.

- Дін хақында аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Дей тұрғанмен, қоғам өмірінде маңызды орын алатын бұл мәселеге өте мұқият назар аудару қажеттігін дүрбелеңге толы дәуірдің өзі дәлелдеп отыр. Ұлтымыздың мақтанышы ұлы Абай Құнанбайұлы: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегенде келер ұрпаққа көп жайттан хабар бергені ақиқат. Сондықтан да бұлар Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мынадай жолдар атап көрсетілгені белгілі: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал, - деді Мәди Бесбаев теріс діни ағым ұстанушылары туралы.

- Елбасымыз «Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс», - деп шегелеп айтқанын естен шығармаған жөн. Яғни, Мемлекет басшысы мұнда шынайы дін мен сол дінді бетперде еткісі келетіндердің аражігін ажыратып берген, - деп сөзін жалғады «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің  директор міндетін атқарушы Мәди Бесбаев тілшілерге берген сұхбатында.

Сұхбат соңында ол жастарды жат діни ағымдардан сақ болуға, халқымыздың діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеуге, отансүйгіштікке шақырды


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика