+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
21.10.2016 в 18:48

Жансейіт Түймебаев діни конфессиялардың басшыларымен кездесті

Барлық дiннiң мақсаты бiреу, ол – әлемде тыныштық орнатып, адамдардың арасында мейiрiмдiлiк пен iзгiлiктi тарату. Дiндер арасындағы татулық қоғамдағы татулықтың негiзi, ал, конфессиялар арасында жiкшiлдiк орын алса, қоғамда бейбiтшiлiк пен келiсiмнiң орнауы екiталай.

Рухани келiсiм күнi мерекесiне орай өңiрдегi дiни конфессиялардың басшыларымен кездескен облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев осылай дедi.

Өңiр басшысының айтуынша, елiмiз тәуелсiздiк жылдарында зор табыстарға қол жеткiздi. Ең бастысы, елiмiзде этникалық және дiни сипаттағы жанжалдарға жол берiлмей, тыныштық пен тұрақтылық және өзара келiсiм орнады.

«Елбасы өз сөзiнде «Достық жоқ жерде араздыққа мүмкiндiк мол болмақ. Сондықтан iзгiлiк, рақым, имандылық секiлдi мәңгiлiк ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей заман түзелмек емес. Бүлiнген заманды түзеу адамның өз мiндетi» деген. Сондықтан бiздiң бүгiнгi басқосуымыз халықтар достығына, ұлтаралық, дiнаралық татулықтың нығая түсуiне өз ықпалын тигiзедi деп сенемiн», – деген Жансейiт Қансейiтұлы дiни конфессия жетекшiлерiн айтулы мерекемен құттықтап, естелiк сыйлықтар табыс еттi.

Жиынға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкiл имамы А.Керiмбек, «Шымкент епархиясының Шымкент қаласындағы Свято-Никольский кафедралдық соборының приходы» жергiлiктi православ дiни бiрлестiгiнiң дiни қызметшiсi А.Могилевский, «Шымкент қаласының iнжiлдiк мәсiхшi баптистерiнiң қауымы» жергiлiктi дiни бiрлестiгiнiң жетекшiсi А.Горбатый, «Агапе» iнжiлдiк христиан шiркеуi» жергiлiктi дiни бiрлестiгiнiң жетекшiсi А.Шаталов және өзге де дiн өкiлдерi қатысты.

«Ислам – бейбiтшiлiк дiнi. Ол бiзге көркем мiнездi, адамзаттың барлығымен тату болуды үйретедi. Аллаға шүкiр, облыс тұрғындарының 70 пайыздан астамын құрайтын мұсылмандар мен өңiрдегi өзге дiн өкiлдерi арасында ешқандай жанжал мен келiспеушiлiк болған емес. Мiне, биыл елiмiз Тәуелсiздiктiң 25 жылдығын тойлағалы отыр. Бұл мерекеге бейбiтшiлiк және берекемен, мол ырыс-несiбемен жетiп отырмыз. Осының барлығы әуелi Алланың, содан соң халықтың ынтымақ-бiрлiгi мен Елбасының салиқалы саясатының жемiсi», – дедi Ахметжан қажы Керiмбек.

Кездесуде өзге конфессиялардың жетекшiлерi де сөз алып, елде зайырлылық пен наным-сенiм бостандығының қамтамасыз етiлiп отырғандығына ризашылықтарын бiлдiрдi.

Рухани келiсiм күнiне орай дiни конфессия өкiлдерi арасында шағын футболдан турнир өткен болатын. Кездесу соңында өңiр басшысы сол турнирдiң жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн марапаттады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика