пятница, 29 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Үкіметтік емес ұйымдарға талап күшейтіледі — А.Айдарбаев

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Маңғыстау облысында «Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынасы» тақырыбында VІІ Азаматтық форумы өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Форум жұмысына аудан мен қала әкімдері, мемлекеттік орган басшылары, облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттың депутаттары, ҮЕҰ мен кәсіподақ жетекшілері, саяси партиялардың, діни ұйымдардың, отандық және шетелдік бизнес компанияларының өкілдері қатысты.

Форум өңірдің үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік жобалар көрмесімен басталды. Көрме жұмысымен танысқан аймақ басшысы Алик Айдарбаев билік пен ҮЕҰ арасындағы әріптестіктің басым бағыттары отбасы мен неке институтын, жанұялық дәстүрлерді, салауатты өмір салтын насихаттайтын, тарихи және мәдени мұраларға деген сыйластықты, мүгедек жандарға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына деген қамқорлық сезімдерін оятататын жобалар болуы керектігін айтқан болатын.

«Үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдық маңызды шешімдер қабылдайтын сарапшылық жұмыстарға кеңінен тарту қажет. Аудан мен қала әкімдері ҮЕҰ-дардың қолдауымен жергілікті деңгейде шаралар кешенін дайындап, әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен қаржы қарастыру қажет. Бұл орайда ҮЕҰ-дардың қатысуымен Қоғамдық кеңестердің мүмкіншіліктерін жоғары тұрғыда пайдалану керек. Мемлекетті бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы меноның пайдаланылуы алаңдатады. Сондықтан біздің тарапымыздан іске асырылатын әлеуметтік жобалардың сапасы тұрғысынан ҮЕҰ-дарға деген талап күшейтіледі. Әртүрлі мәселелербойынша тұрақты диалогқа негізделген бірлескен жұмыс қана алдымызға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді», — деді Алик Айдарбаев.

Жалпы өңірде ресми түрде 508 ұйым тіркелген. Оның ішінде бүгінгі таңда 382 ұйым қызмет етіп, 90-ы белсенді жұмыс жасап тұр. ҮЕҰ-дардың 40%-ы әлеуметтік қорғау саласында, 20%-ы жастар саясаты, 9 %-ы азаматтардың құқығын қорғау бағытында қызмет етсе, 16 %-сы салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша, қалған 15%-і білім саласының сапасын арттырумен, өңірдегі экологиялық тұрақтылықты сақтаумен, гендерлік саясатты жүзеге асырумен айналысады.

Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы ЗТБ президенті Жібек Ахметованың айтуынша, үкіметтік емес ұйымдар белсенділігін арттыруға және жергілікті биліктің қарым қатынасын нығайтуда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың рөлі ерекше.

Форумда қоғамдағы мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік жобалар шеңберінде биліктің, бизнес пен ҮЕҰ-дардың әріптестігін одан әрі дамыту, қоғамдық ұйымдардың аудан мен ауыл өміріне араласуы, бизнес пен халықаралық ұйымдар субъектілерінің әріптестік жобалары талқыланды. Шарада «Жергілікті өзін-өзі басқарудағы ҮЕҰ ролі мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудағы ҮЕҰ тәжірибесі» тақырыбында БҰҰ Даму бағдарламасының Маңғыстау облысы бойынша кеңесшісі Ж.Кенжебаева, «Жергілікті биліктің үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікті нығайту бағытындағы тәжірибелер тақырыбында «Шаңырақ» ҚҚ директоры Р.Иглікова, «Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетудегі үкіметтік емес ұйымдардың ықпалы» тақырыбында «РАЙ жедел әлеуметтік көмек көрсету орталығы» ЖМ директоры Р.Бекманова, «Қоғамдық ұйымдардың аудан, ауылдың қоғамдық саяси өміріне араласуы» тақырыбында «Түпқараған жастары» ҚБ төрағасы Н.Мағдатов баяндама жасап, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Форум аясында облыс басшысы Алик Айдарбаев өңірдегі азаматтық қоғам қызметінің дамуына үлесін қосып жүрген бірқатар үкіметтік емес ұйымдарға алғысхаттар табыстады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: