суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Шетелде діни білім алуға неге мұқтажбыз?

Егемендікке қол жеткізгелі жиырма жылдан астам уақыттың жүзі болды. Осы жылдар аралығында мемлекетіміздің барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін тіктей бастады. Халықаралық деңгейде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен бәсекелес бола алатындай қабілеттілігін көрсетті. Әсіресе, тарих қойнауында жатқан рухани мұрамыз қайта жаңғырып, өзінің лайықты орнын тапты. Десек те, бүгінгі қоғамда алаңдататарлық келеңсіз мәселелер де жоқ емес. Солардың бірі – буыны қатпаған жастарымыздың жат елден білім алу үрдісі.

Жасыратыны жоқ, соңғы жылдарға дейін қазақ жастары – Түркия, Пәкістан, Мысыр, Сауд Арабиясы, Ливан, Ливия, Сирия т.б. шет елдерге асып, діни білімдерін жетілдіріп келгені рас. Олардың біразы елге оралып, жемісті еңбек етіп те жүр. Алайда, әр елдің өзіндік қалыптасқан салт-санасы, әдет-ғұрпы болатынын естен шығармауымыз керек. Өкінішке орай, шеттен білім алып келген дін мамандарының бойларынан кейде дәстүрлік көзқарасымызбен санаспайтын жағымсыз құбылыстарды байқап қаламыз. Соның нәтижесінде, қоғамда ойыңды сан-саққа жүгіртетін түрлі идеологиялар көрініс табуда. Дәлірек айтқанда – қай елде ілім алса, сол елдің тұрмыс салтына сай наным-сенімдерін тықпалауға тырысуда.

Осындай жат ағымдардың бірі, сенім көзқарасы бұрыс «Тәкфиризм жамағатының» өкілдері де, шетелден келген бетте дүниеге әкеліп, тәрбиелеп, қолындағы барын беріп асыраған ата-анасына «кәпірсің» деп оп-оңай үкім шығарып, берген асын жерге төгіп, өз үйлерінде отырып-ақ бүлікке бастады. Одан қалды елді алауыздыққа шақырып, халықты арандатып, елді жаппай «кәпір» санап, тіпті, қазақ жастарын «һижрет» жасау ұранымен – Сирия мен Ливан елдерінде жүріп жатқан соғыстарда жан қиюға үндеді.

Өкініштісі сол, күні бүгінде тыйым салынбаған өзге де ағымдар баршылық. Жат жерде сауат ашқансып, «тек менікі ғана дұрыс» деп кеуде соғып жүргендер қаншама?! «Пәленше деген шейхтан дәріс алмасаң» – мұсылман түгілі, адам қатарына қоспайтын, әуелгілердің жолымен жүргендер де аз емес. Топ-топ болып, мешіттерден тыс, қуыс-қуыстарда жасырынып уағыз айтатын «шейх-сымақтар» да кездеседі.

Мұндай лаң қайдан шығып жатыр?! Осыны біле тұра шетелге діни білім алуға әлі де құмбылсыз ба?! Бұл проблеманың себебі неде? Бір себебі – діни білім фундаменті қалыптасып үлгермеген еліктегіштік жастардың арандап қалуы. Бірақ, біз мұны «мүлдем шетелге шықпау керек екен» деп, бұрыс қабылдап қалудан аулақ болуға тиіспіз.

Айбол Әлібек,

Арыс қалалық ішкі саясат

бөлімінің басшысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0