+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
16.11.2016 в 20:54

Мешіттер қоғамдағы бірлікті сақтауы тиіс – имам

Қазақстанда барлығы 3 мыңда мешіт бар. Олардың 800-і Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында, жергілікті тұрғындарды руханиятпен азықтандырып келеді. Барлығы да Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өңірдегі филиалдары. Олардың мақсаты тек діни рәсімдерді өткізу ғана емес, сондай-ақ, қоғамдағы бірліктің сақталуын қамтамасыз ету, мұсылмандардың өзге де дін өкілдерімен бейбіт өмір сүруіне жағдай жасау дейді Оңтүстік Қазақстан облысы орталық мешітінің наиб-имамы Еркебұлан Қарақұлов.

«Салт-дәстүр мен ырымдарымыз – бұл біздің халықтың атадан балаға аманат болып келе жатқан құндылықтары. Бірнеше ғасыр бұрын қазақтар исламның ханафи мазхабын қабылдады. Сондықтан, бұл бағыттан адасуымызға болмайды. Қазір жастардың дінге деген қызығушылықтары оянған. Бұл құблыс Қазақстан тәуелсіздігін алған уақыттан бері байқалуда. Дінге бет бұрған жақсы ғой, бірақ кейбір қандастарымыз теріс діни ағымдардың жетегінде кетті. Жастар да қазір құдайды табамыз деп адасып жатыр. Біз бабалар ұстанған ислам жолынан адаспауымыз керек. Қазақтың салт-дәстүрінде кездесетін жоралғының бәрі исламның ханафи мазхабында мақұлданған, бұл ешқандай да Аллаға серік қосу емес. Иә, исламда Аллаға серік қосу үлкен күнә болып есептеледі. Бірақ, біз бұл щирк дегенді дұрыс түсініп алуымыз керек. Ислам – татуласатын дін, бейбітшіліктің діні. Біз зайырлы ел болғандықтан, мемлекеттің заңдарына бағынуымыз керек. Мұны ислам діні де мақұлдайды. Сондықтан, қазір әр жұма намаз сайын уағызымызға осы бейбітшілік туралы, бірлік туралы мысалдар қосп айтамыз», — дейді наиб-имам.

Айта кетейік, бұдан былай өзге ұлт өкілдері тығыз шоғырланған елдімекендерде уағыз қазақ тілімен бірге орыс тілінде де жүргізілетін болады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика