+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
05.11.2016 в 08:52

«ДАИШ» − жай ғана лаңкестік топ емес, жаһандық терроризмнің аса қауіпті көрінісі

Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында осылай дейді.

Халық қалаулысы «Ислам мемлекеті» сынды лаңкестік ұйымның Қазақстанға да қаупі бар екенін жасырмайды. Ал, оның артында белгілі бір саяси топтар бар көрінеді. Өйткені, қолында қаруы, не қаражаты жоқ шағын топ бір емес, екі бірдей елдің аумағын басып ала алмайды.

– Әрине, ешбір қарулы топ бір мемлекеттің әскери қорғанысын тек өз күшімен бұза алмайды. Ол үшін көп қаражат пен сыртқы күштердің қолдауы қажет. Айталық, Ауғанстандағы «Талибанмен» жүргізілген соғыс, сондай-ақ, Солтүстік Кавказдағы қарулы қақтығыстардың ешқайсысы сыртқы күштердің қолдауынсыз жүзеге асқан емес.

Сирия мен Ирак − алпауыт мемлекеттердің саяси-экономикалық мүдделері тоғысқан жер. Яғни, «ДАИШ»-тың пайда болуы, қаржылай қолдау табуы, қанатын кеңге жаюы сыртқы күштердің ықпалымен болып отыр. Әйткенмен, лаңкестік топқа көмек қолын созғандардың кімдер екенін дөп басып айту қиын. Бұл сауал аясында ақпарат кеңістігінде таласты пікірлер көп, - дейді депутат.

Оның айтуынша, ДАИШ пен исламның бір-біріне мүлдем қатысы жоқ ұғымдар. Ислам діні ешқашан зұлымдықты қолдамаған.

− Біз кез келген дін атын жамылған ұйымдардың жалған ұрандарына емес, шынайы мұрат-мақсатына, нақты іс-әрекетіне қарап баға беруіміз керек. Бір діни қозғалысқа толымды баға беру үшін оның қандай мәселелерге көбірек назар аударатынын, қандай істе белсенділік танытатынын бағамдау қажет. Осыдан кейін барып ол ұйымның шынайы мұрат-мақсаты айқындалады. Ал «ДАИШ-тың» қанды-қасап қарекеті мен саяси ұстанымдары оның діни емес, дін атын жамылған террорлық топ екенін әйгілейді. Шынтуайтында, «ДАИШ» − жай ғана лаңкестік топ емес, жаһандық терроризмнің аса қауіпті көрінісі, - дейді Б.Смағұлов

Осы ретте айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында ДАИШ содырлары ұстанатын салафилік-уахабилік идеологияға қарсы жұмыстар жолға қойылған. ОҚО Дін істері басқармасы жанынан құрылған «Дін істерін зерттеу орталығы» МКМ жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлық аудан-ауылдарды аралап қайтты.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика