+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
29.11.2016 в 14:04

ДАИШ содырлары Құран мен хадистерге амал етеді ме?

Әлем елдерін дүр сілкіндіріп, үрейде ұстаған діни экстремизм өкінішке қарай Қазақстанды да айналып өтпегені белгілі. Осыдан бес жыл бұрын Ақтөбе мен Атырау, Маңғыстау облыстарында орын алған лаңкестік оқиғалар Алматы мен Таразда да сол жылы көрініс тапқан болатын. Ал, биыл тағы сол Ақтөбе мен Алматыда қауға сақалды содырлар бейбіт халықтың қанын төкті.

Аталған оқиғалардан кейін өзге өңірлердегі секілді Оңтүстік Қазақстан облысында да қауіпсіздік шаралары күшейтілді. ОҚО Дін істері басқармасының жанынан «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» құрылып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат – ДАИШ секілді лаңкестік ұйымдардың қатарына қазақ жастарының қосылып кетуіне бөгет қою, жастар арасында дәстүрлі исламды насихаттау.

Дегенмен, қанша үгіт-насихат жүргізіліп жатса да осы ДАИШ ұстанатын салафизм идеологиясын жақтаушылар өңірімізде әлі де көп. Оларды райынан қайтару үшін ДАИШ лаңкестерінің шынайы бейнесін көрсетуді біз де қолға алып отырмыз. Ендеше назарларыңызға философия ғылымының кандидаты Жалғас Сандыбаевтың пікірін ұсынамыз.

«...Дін исламның негізгі қайнар көздері – Құран және Сүннет (Мұхаммед пайғамбардың қалдырған өсиеттері және амалдары). Бұл екеуі – исламның іргетасы. Кез келген адамның немесе топтың, қоғамның, тіпті, мемлекеттің исламға қаншалықты жақын екенін немесе, керісінше, оның исламнан алшақ екенін білу үшін Құран және Сүннетпен анықтауға болады.

Бойына ислам құндылықтарын сіңірген иманды адам – көркем мінезді адам. Қазақ бұзық, қиянатшыл, көрегенсіз адамды «имансыз» деп айтады. Демек, «иманды» адам – жақсы адам. «Ислам» сөзі бейбітшілік, амандық мағыналарын білдірсе, «мұсылман» сөзі Алланың әміріне бойұсынған деген мағынаны береді. Олай болса, діндар, құдайшыл әрі тақуа адам қалайша Алланың әміріне қарсы шығып, басқаларды қанішерлікке шақырмақ, жазықсыз адамдардың жанын алмақ?! Өйткені, Құранда Алла тағала былай деп әмір етеді: «Бір-бірлеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді. Ал кім айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл – Аллаға оңай» (Ниса: 29-30).

Енді ДАИШ содырларының жарнама үшін салып отыратын, ғаламторда толып жүрген бейнероликтеріне назар салсаңыз, онда олардың қатыгездігі мен қаншерлігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұнда жұрт алдында үлкен немесе кіші, мұсылман немесе кәпір деп айырмастан жазалау рәсімін жүзеге асырады. Жазықсыз жандар аяусыз атылып, асылып, бастары кесіліп, қойша бауыздалып жатады.

Шынайы исламда жазықсыз адамды өлтіру былай тұрсын, жануарды да қинауға тиым салынған. Тіпті, имам Бұһаридің сенімді хадистер жинағында бір әйелдің мысықты тамақтандырмай аш қалдырғаны үшін тозаққа түскені туралы хадис бар. Бұл әйел мысықты қамап, оған тамақ бермеген, не оның өзіне тышқан аулап ұстауына мүмкіндік жасамаған екен. Сол үшін оны Алла тозаққа түсіріпті (Әл-Асабату фит-Тамиизи әс-Сахаба кітабы). Сондықтан да дінді қадір тұтқан қазақ малды еш уақытта қорламаған. Бала кезімізде ауылдағы апаларымыз: «Малды теппе – обал болады» деп айтушы еді.

Егер ислам жануарды қинаған адамды осылай жазаласа, онда кінәсіз адамдарды қинаған, оларға күш көрсеткен немесе жарып жибергендерге қандай жаза бермек?! Исламда адам өмірі, оның құқығы қасиетті ұғымдар саналып, қатты сақталады. Адамға жан беріп, оған өмір сыйлаған – Алла. Адамның жаны – Алланың оған берген аманаты. Адамның жанын алуға Алладан басқа ешкімнің құқығы жоқ: «Өлтірілуіне Алла тыйым салған кісіні нақақтан өлтірмеңдер, тек заңға сәйкес болмаса. Ол мұны сендерге әмір етті, бәлкім, түсінерсіңдер» (Әнғам: 151).

Ислам жасықсыз адамдарға қарсы басқыншылық жасауға тыйым салады. Жазықсыз адамға оның өміріне, жеке мүлкіне немесе ар-намысына қатысты қандайда бір басқыншылық жасауға рұқсат бермейді. Исламдағы бұл қағида барлығына тең. Ислам тарихында Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өзінің «Хадж әл-Уадағ» (қоштасу қажылығында) халыққа қарап, адамның өміріне, жеке мүлкіне және ар-намысына Қиямет күніне дейін қол сұғылмауы тиіс екенін былай айтқан: «Қиямет күнінде адамдар арасында алынатын есептің біріншісі – адам өлтіру» (Мүслимның риуаяты). Исламдағы бұл талап тек мұсылмандар үшін емес, бәлкім, сол мұсылман мемлекетінде жасап жатқан барлық адамдарға қатысты. Бейбіт өмірді былай қойғанда, тіпті, ұрыс заманында да ислам соғысқа қатысы жоқ бала-шағаны, кемпір мен шалды, әйелдер мен өзге дін қызметкерлерін қинауға, атуға тиым салған...»


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика