+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
30.11.2016 в 11:23

Радикалды көзқарастағы адамдарды «кері қайтаруға» бола ма?

Оңтүстік Қазақстан облысында діни экстремизм мен терроризмді алдын алу үшін құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ мамандары жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жаппай жүргізуде. Әсіресе, жаз айларында Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін алдын алу шаралары белсенді қолға алынды. Жаңа оқу жылы басталысымен мектептер мен колледждерде оқушылармен кездесулер өтіп, деструктивті ағымдар туралы толыққанды ақпараттар берілуде.

Осы орталық мамандарының айтуынша, радикалды көзқарастағы жастармен де талай кездесулер өтіп, пікірталастар жүргізіліпті. Нәтижесінде беті бері қарап, дәстүрлі ислам ұстанушыларының қатарына қайта қосылғандары да бар екен. Алайда, нақты санын айту мүмкін емес.

Осы ретте дінтанушы, «Аңсар» консультациялық сауықтыру орталығының директоры Асқар Сабдиннің пікірін тыңдап көрдік. Маман радикалды көзқарастағы азаматтарды «кері қайтарудың» жолдарын түсіндіріп берді.

«Оңалтудың ең маңызды элементі – радикалдың білім деңгейін анықтап, сол деңгейіне лайықтап дұрыс білім беру. Өзінің діни көзқарасының дұрыс емес екеніне көзі жетпегенше радикал ешкімге бой бермей, жаттап алған аяттары мен хадистерін мысалға келтіруден жалықпайды. Қазір дәстүрлі емес және декструктивті діни ағымдардың насихаты, интернет және жаһанданудың өзге де белгілері ислам ғылымындағы біліктілік деген түсінікті құрдымға жіберді. Радикалды діни ағымдардың жастарды тек Құран мен сүннет жолымен ғана жүруді шақырғаннан кейін діни ілімі жоқ жастар оларға еріп, артынша түрлі тығырықтарға тіреле бастады. Бұл жағдайды одан сайын қиындатып отыр. Ең бастысы, сол теріс діни ағымдардың жетегінде жүрген жастар өздерінің білімсіз екенін мойындауы керек. Тек сол кезде ғана оларды оңалтуға болады», — дейді А.Сабдин.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика