+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
25.11.2016 в 00:25

Ұ.Сәдібеков: Экстремизм – құндылықтардың барлығын құрдымға жіберетін құбылыс

Бүгін Түркістанда бастауын алған «Дін – бірлікке бағыттайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков діни экстремизмнің қаупі жайында айтты.

Оның пікірінше, діни экстремизм бүкіл адамзат құндылықтарын құрдымға жіберетін аса қауіпті құбылыс.

«Дін әр уақытта біріктіруші фактор болып танылса, діни экстремизм – кез келген халықтың ұзақ жылдар бойы өткен жолын, тағдыр-талайлы тарихын, әлеуметтік ортада түзіліп қалыптасқан рухани-мәдени өмірі мен ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен адамгершілік-моральдық құндылықтарын құрдымға жіберіп жоқ ететін радикалды ойдың іске асыруға ұмтылатын құбылыс», - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Оның пікірінше, экстремизм қандай кезеңде, қандай ортада болмасын ұлтқа, елге тұтас адамзат баласына қауіпті. «Сондықтан онымен әлемдік қауымдастық бірлесе отырып күесуі керек. Себебі, ол жеке қауымға немесе тұтас елге бағытталса да щорлық жасау тәсілімен кісі қанын төгетін зұлымды», - дейді ол.

Облыс басшысының орынбасары аймақта қандай алдын алу шаралардың жүргізіліп отырғанын да айтып өтті. Оның сөзіне сенсек, облыстағы құзырлы орган қызметкерлері, облыстық дін істері, ішкі саясат, жастар саясаты басқармалары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ауқымды жұмыстар атқарып жатқан көрінеді.

Осы ретте айта кету керек, ОҚО Дін істері басқармасы жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ биылғы жыл басталғаннан бері аудан-қалаларды, шалғай ауылдарды аралап, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Сондай-ақ, жаңа оқу жылы басталысымен барлық мектептер мен колледждерде, жоғары оқу орындарында жастармен кездесулер өтіп, дәстүрлі емес діни ағымдардың зауалы туралы ақпарат берілуде.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика