среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

«Ислам мемлекеті» деген ұйым жоқ, олар – терроршылар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб-имамы Наурызбай Өтпенов осылай дейді. Әлем елдерін үрейде ұстап отырған ДАИШ лаңкестік ұйымын исламмен қатар қоюға ол түбегейлі қарсы.

Сондай-ақ, наиб-имам Сирияға соғысқа аттанып жатқан қазақ жастарының әрекетін адасушылық екенін және қазіргі таңда ислам діні қарулы жиһадқа мұқтаж емес екенін мәлімдеді.

«Жиһад сөзінің аудармасы күрес деген мағынада жүреді. Жиһад әртүрлі жағдайларға байланысты жасалады. Негізгі жиһад – адамның өз нәпсісімен күресуі. Сондай-ақ, шариғатта қарулы жиһадтың болғаны да белгілі. Біздің бабаларымыз өзінің жерін жаудан қорғап, қолына қару алған. Бұл да жиһадқа жатады. Қарулы жиһад жүргізу үшін шариғаттың талаптары бар. Біздің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен халифтер қарулы жиһадқа шыққан. Алайда, олар қарулы жаумен соғысқан, бейбіт отырған халықты кеп қырып салмаған қазіргідей. Қазіргі өздерін мұсылманбыз деп, бейбіт халықты қырып жатқандардың әрекеті – үлкен қылмыс, ауыр күнә», - дейді Наурызбай Тағанұлы.

Ол сондай-ақ, ДАИШ секілді лаңкестік ұйымдарға ислам деген тіркесті қоспауға үгіттеп отыр.

- «Ислам мемлекеті» деген лаңкестік ұйым жоқ, олар – терроршылар, ешқандай исламға қатысы жоқ. Өздерін халифатпыз деп есептейді. Оларға ислам атын ешкім берген жоқ. Ешқайсысы Құранға, Пайғамбарымыздың хажистеріне сәйкес келмейді. ДАИШ-тың лаңкестік ұйым екенін түсінетін уақыт келді. Бірақ, өкінішке қарай, өзіміздің қандастарымыз да сол топтың қатарына қосылып, Сирия асып жатыр, - дейді наиб-имам.

Айта кетейік, Қазақстаннан Таяу Шығысқа аттанған содырлардың саны 500-ге жуықтайды. Бұл туралы танымал саясаттанушы Ерлан Қарин өзінің еңбектерінде жазған. Олардың қатарында Қарағандығ Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тумалары бар.

Ал, дін өкілдерінің пікірінше, Оңтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі емес ислам ағымдарын ұстанатындар саны 3 мың адамға жуықтаған. Дегенмен, бұл нақты көрсеткіш емес. Бүгінде олармен түсіндіру жұмыстарын имам-молдалар және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ мамандары жүргізуде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: