+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
06.12.2016 в 21:18

Шымкенттік колледж студенттеріне діни-саяси экстремизм туралы дәріс оқылды

Шымкенттегі №4 колледж студенттері бүгін дәстүрлі емес діни ағымдар мен діни-саяси экстремизм туралы туралы білімдерін жетілдірді. Оқу орнына келіп, жастармен кездесу өткізген дін мамандары экстремизм мен терроризмнің әлемдегі салдары туралы баяндама оқып, қатерлі індеттің зауалынан сыр шертетін видеоролик көрсетті.

Іс-шараны ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ ұйымдастырып отырғанын айта кетейік. Басты мақсат – жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жат діннің жетегінде кетуге жол бермеу.

Аталған орталық ішіндегі «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің маманы Ғ.Аппазов жастарға тақырып аясында баяндама оқыды.

«Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын», - деп атап өтті дін маманы өз баяндамасында.

Ол сондай-ақ, діни экстремизмге қарсы қояр қарудың тек діни ілім екенін де атап өтті.

«Экстремизмді айыптау, егер Құран және сүннет негізінде болмаса, онда адасушы мұсылмандар айыптауды мойындамайды, бос сөз қатарында қабылдайды. Кінәлілер айыптаушыларды – надан, жалақор ретінде азғыруы да мүмкін. Ислам шариғатымен амал етіп, басқаға үлгі бола білу, әрі шариғат талаптарын орындау, өркениетті қоғам орнатудағы аса сенімді жол екенін түсіндіре білу – діни эктремизмге қарсы қолданар ең үлкен қару. Әлемдегі құбылыстардың қандайы болмасын өзіндік пайда болу ықтималдығына бағытталған әсерге негізделе отырып, ережелер мен заңдарға сүйенген себептері мен салдары бар. Бұл заңдылықтар қатарына тек философиялық ой-пікір тұжырымдары ғана емес, еш күдіксіз қабылдануы бұйырылған Илаһи заңдылықтар да жатады»,-  деді Ғ.Аппазов сөз соңында.

Кездесу соңында студенттердің қойылған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар берілді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика