+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
02.12.2016 в 16:29

Діни басқарма лаңкестерді түрмеде оқшаулауды ұсынды

Экстремизм мен терроризм бойынша сотталған азаматтарды өзгелерден оқшаулап қамау керек. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы түзеу колонияларында террористік және экстремистік идеялардың таралуының алдын алуға бағытталған жиында мәлімдеді.

«Экстремизм мен терроризм бабы бойынша сотталғандар түрмеде жазасын өтеуші өзге азаматтардан бөлек, оқшаулануы керек деп санаймын. Естеріңізде болса, кезінде саяси тұтқындарды да түрмеде бөлек ұстаған. Бұл жағдайда да осыны қолданған жөн. Себебі, экстремизм мен терроризм - идеология», - деді ҚМДБ төрағасы.

Айта кетсек, қазіргі уақытта республикадағы түрме колонияларында 400-ден аса азамат діни экстремизм мен терроризм үшін жазасын өтеуде. Өткен жылы діни басқарма жанынан осы бап бойынша сотталған азаматтармен жұмыс істейтін арнайы бөлім ашылып, осы мақсатта әр өңірде діни диалог, насихат жүргізетін өкілдер тағайындалды.

Осы ретте атап өту керек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы түрмелерде жазасын өтеп жатқан теріс дін ұстанушыларына дінтанушылар мен имам-молдалар жиі дәріс өтіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.

Мәселен, ОҚО Дін істері басқармасы жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ жыл басынан бері мен ҚМДБ өкілдерімен бірігіп, 6 түзеу мекемесінде кездесулер ұйымдастырған. Дәріске қатысқан жазасын өтеушілердің басым бөлігі сәләфиттік идеологияның жақтаушылары.

Сонымен қатар, бас бостандығынан шартты түрде айрылған сотталушылармен де жеке кездесулер өтіп отырады. Оларға ақыл-кеңес айтылып, дәстүрлі емес діннің қаупі жайында ескертіледі.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика