вторник, 16 апреля 2024 г.
icon
448.56
icon
478.03
icon
4.79
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Халық арасында теріс діни ағымдарға деген текетірес бар – М.Бесбаев

Оңтүстік Қазақстан облыстық Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталғы» МКМ бірнеше уақыттан бері өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау мақсатында ауқымды іс-шаралар өткізіп келеді. Аталған орталық алғашында 2011 жылы 11 қазанда Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы қабылданғаннан кейін, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының жанынан «Әлеуметтік бастамалар орталығы» деген атаумен құрылған болатын.

Бүгінгі таңда аталған мекеме аудан-қалалар мен шалғай ауылдарда, оқу орындарында кездесулер өткізіп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға атсалысып келеді. Мәселен, жыл басынан бері орталық барлығы 3 мыңнан астам кездесу өткізген. Олардың басым бөлігі мектептер мен колледждерде ұйымдастырылыпты.

Мекеме директорының міндетін атқарушы Мәди Бесбаевтың айтуынша, халықтың соңғы кезде діни сауаты оянып, теріс ағымдарға деген текетіресі пайда бола бастапты.

– Біздің орталық Республикада ең бірінші болып құрылған мекеме. Басқа орталықтар кейіннен ашылып жатты. Орталықтың ерекшелігі, деструктивті ағымдағы зардап шеккен азаматтарға психологиялық, теологиялық және құқықтық көмек көрсетеді. Және өзге ағымға өтіп кеткен адамдармен де оңалту жұмыстарын жүргіземіз. Оларды оңалту кабинетіне шақырып, сол жерде біздің психологтарымыз, теолог дінтанушы мамандарымыз олармен әңгіме жүргізеді. Оны сенім телефоны арқылы да жүзеге асырамыз және өзіміздің электронды поштамыз бар. Жалпы, халық ағымдардың дұрыс емес екендігін білмесе, көзін жұмып жүре береді. Сондықтан, адамдарды ақпараттандырып отыру керек. Мені бір қуантатын нәрсе, халықпен кездесу барысында дәстүрлі емес діни ағымдарға деген текетіресі барын байқадым. Егер халық үндемесе, онда қорқу керек, – дейді М.Бесбаев.

Бүгінде «Дін мәселелерін зерттеу орталғы» МКМ-нің мамандары түрмеде жазасын өтіп жатқандарға да теріс ағымдардың зауалын түсіндірумен айналысып келеді. Мәселен, жыл басынан бері орталық қызметкерлері барлығы 6 түзеу мекемесінде болып, экстремизм үшін сотталған азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0