пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

Дінтанушы мамандарының біліктілігін арттыру жұмыстары оң жолға қойылған

ОҚО Дін істері басқармасы жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ директорының міндетін атқарушы Мәди Бесбаевтың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында інтанушы мамандардың біліктілігін арттыруға жағдайлар жасалған.

Аталған орталықта жұмыс істейтін 20-ға жуық қызметкерді айтпағанда, жат ағым жетегінде кеткендермен ҚМДБ-нің өңірдегі өкілдігі де айналысып келеді. Яғни, алдын алу және түсіндіру жұмыстарын дінтанушылар бірлесе атқаруда. Ал, олардың біліктілігін жетілдіру шаралары бір ізге түскен.

– Өзіңіз ойлаңыз, орталықтағы 20-ға жуық дінтанушы облыс көлеміне аздық қылады. Бірақ бұл жағдайда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бар ғой. Мешіттің имамдарын да осы біздің үгіт-насихат жұмыстарына, оңалту жұмыстарына тартамыз. Одан бөлек, теолог мамандар бар. Қала берді жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін және республикалық деңгейдегі теолог, дін ғалымдарын шақырып, ішінара жиі кездесулер өткізіп отырамыз. Ол да бір жаңалық. Жуырда Нұр-Мүбәрак ислам мәдениет университетінің бір топ ұстаздарын шақырып, семинар-тренинг өткіздік. Оған дінтанушы мамандарды, дін мәселесімен айналысатын ішкі саясат бөлімінің мамандарын, дінтану пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді жинап, бір күндік семинар өткіздік. Басты мақсат – оларға да мәліметтер беру. Яғни біз бұл жерде педагог кадрлардың білімін жетілдіру үшін қайта даярлайтын «Өрлеу» институтында дінтану пәнін жүргізетін мұғалімдерге де дәрістерімізді жүргізіп тұрамыз. Көмекші құралдарымызды ұсынамыз. Бұл пән мектептерде 9-шы сыныптарда жүргізіледі. Соларға да көмек беріп отырамыз. Курсқа келген мұғалімдерге сабақ оқимыз, - дейді М.Бесбаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ мамандары имам-молдалармен бірігіп, 3 мыңнан астам кездесу өткізіп үлгерген.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0