+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
08.12.2016 в 14:19

«Сарыағаш» медресесінде «Діни экстремизм мен терроризм алдын алу» мақсатында кездесу өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданына қарасты «Сарыағаш» медресесінің ерлер және қыздар бөлімдерінде «Діни экстремизм мен терроризм алдын алу» мақсатында кездесу өтті. Іс-шараны ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ ұйымдастырып отыр.

Жиын барысында аталған мекеменің «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлім басшысы және ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Қ.Ерғазиев жас шәкірттерге діни экстремизмнің әлемге тигізіп жатқан залалы туралы баяндама оқып, нақты мысалдар келтірді. Баяндама барысында ол ұлттық, әлемдік дәстүрлі діндерден бөлініп шыққан дәстүрлі дін атын жамылған кереғар діни ағымдар жайында мағлұмат беріп өтті. Сонымен қатар, елімізде тіркелген және тіркелмеген дәстүрлі емес діни бірлестіктер туралы айтып кетті. Ондай кереғар діни ағымдардың еліміздің бірлігіне, жеріміздің тұтастығына, халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүріне, қоғам өкілдерінің санасына, жастардың психологиясына тигізер теріс әсері жайында да кеңінен талқыланып мәліметтер берілді. Жастарымыздың мұндай кереғар ағымдардың жетегінде еріп кетулерінің басты себебі діни сауатсыздық пен діннің кейбір мәселелерін жетік түсінбеушілігінен деп атап кетті.

Кездесу соңында Сарыағаш медресесінің шәкірттері өздерінің толғандырған сұрақтарына дінтанушы маман тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды.

Айта кетейік, ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ жыл басынан облыс аумағында 3 мыңнан түрлі дәрежедегі кездесулер өткізген. Олардың басым бөлігі мектептер мен колледждерде және жоғары оқу орындарында өтті. Сондай-ақ, орталық мамандары түзеу мекемелеріне барып, сотталған азаматтарға да дәріс оқыған.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика